Ақылды болу әдістері #2

Ақылды болу әдістері #2
Фото: estet-portal.com

Ақылдыны ақылсыздан қалай ажыратамыз? Адамдардан IQ-тесттен өтуін сұраймыз ба? Математика саласынан данышпан адам қарапайым өмірлік жағдайларда жөн таба алмай, ал бейімді адам қарапайым математикалық есептеулерді шеше алмай жататын кездер болады.

Бірде-бір тест адамның ақыл-парасаты туралы сұраққа әділ жауап бере алмайды. Себебі, олардың көпшілігіне стандартты есептерді шығарып дайындалуға болады. Келесі фактор — білім, әлеуметтік немесе нәсілдік шығу тегі де субъектінің ақылдық көрсеткіштері туралы дәл айта алмайды. Адам ақылдылығын бағалау туралы қанша дау болса да, эксперттердің ойы бір жерде ғана үйлеседі: адам күнделікті оқу және қандай да бір іске ынталандыру арқылы өз миын жетілдіруге қабілетті.

Ми жұмысын жақсартатын 10 әдісті ұсынамыз. Олардың көмегімен жылдам ойлауға, жаңа мәліметтің көп мөлшерін есте сақтауға және оларды істе шапшаң қолдануға болады.

Басы

«Ақылды» бактерия

2010 жылы АҚШ-тағы The Sage Colleges мамандары ерекше жаңалық ашты. Олар кең таралған Mycobacterium vaccae деп аталатын бактерия типін тышқандарға еккен кезде, бактерия тышқандардың ақылдылық қасиеттеріне жақсы әсер еткенін байқаған. Тышқандар агрессияшылдығы азайып, лабиринттен жолды жылдам таба бастаған. Ғалымдар тышқандардың миын зерттейді. Олар бактериялардың себебінен алдыңғы мидағы нейрондардың өсуін анықтаған. Бұл бактерияны қарапайым даладағы балшықтан табуға болады. «Ақылды» бактериямен байланысқа түсу үшін саябақта қыдыру немесе бау-бақшада жұмыс істегеннің өзі жеткілікті.

Ұйқы

Адамдарға ұйқы не үшін керек және түнгі демалу кезінде не болатыны ғалымдарды бұрыннан ойландырып келді. Ұзақ уақыт бойы мамандар ми жаңа күнге дайындалып, ұйқы кезінде «өшеді» және демалады деп есептеп келді. Бірақ тәжірибелер нәтижесінде, адам миы ұйқы кезінде минимум деңгейде болса да жұмыс істейтіні анықталды. Демалу кезінде жаңа ақпаратты қайта бөледі. Нақтырақ айтсақ, ұйқы кезінде қысқа мерзімді ақпарат ұзақ уақыттыққа айналады. Адамға ұйқы жетіспеуі немесе бұзылуы оның ақылдылық қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Себебі, қажетті ақпаратты жоғалтады және басқа да мәселелер туады. Ұзақ әрі дұрыс ұйқы, керісінше, ми орнықтылығының қорын арттырып, зейін қоюға көмектеседі. Ғалымдар тәулігіне орташа есеппен 6-8 сағатқа дейін ұйықтауды ұсынады.

Кофе

Норадреналин және домафин — миды жақсы тонуста ұстауда маңызды заттар. Олар кофенің құрамында бар. Күніне кофені бір рет ішкеннің өзі жеткілікті. Кофені көп мөлшерде ішу денсаулыққа зиянын келтіреді.

Түйсікті жаттықтыру

Түйсікті (интуицияны) бағыттай жаттықтыру оң жақ құлақтың артында орналасқан мидың ерекше бөлігіне пайдасы көп. Мысалы, әңгімелесу кезінде мынадай ой жаттығуларын жасауға болады: сұхбаттасушының не айтатынын алдын-ала жорамалдау, бет қимылы арқылы оның ойын білу және т.б.

Жалғасы бар...

А. Жапатова