Әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз

Өмір атты ұзақ жолда барлығымыз да жолаушымыз. Аз ғана ғұмырымызда көп игі іс жасауға талпынуымыз керек. Сол себепті әлемді өзгертуді өзіңізден бастаңыз. 

1. Қажетсіз дүниелерден арылыңыз. Бір нәрседен арылудың маңызы зор. Ол сіз ойлағаннан да көп пайда әкеледі. Назарыңызға көп зат іліккен сайын, өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. Ал олардың санын азайту арқылы энергияңызды үнемдейсіз.

2. Не нәрседен тез жалығатыныңызды түсінуге тырысыңыз. Және оған жоламаңыз. Заттар мен кез келген іс адамды мезі етіп жіберуі мүмкін. Десе де жалықтыратын нақты не нәрсе екенін анықтап, одан түбегейлі бас тарта аламыз. Мұның уақытты шығындайтыны рас. Бірақ пайдасы мол екеніне сеніңіз.

3. Жиі күлімсіреңіз. Комикстер оқып, комедиялық фильмдер көріңіз. Барлығына маңызды құжат толтырып отырғандай қараудың қажеті жоқ. Күлкі – күйзелістен арылуға көмектесетін механизм.

4. Жетістіктеріңізді жазатын журнал бастаңыз. Өмірде ауыз толтырып айтуға лайық жеңіске жеткеніңіз есіңізде ме? Өкінішке орай, кеудемізді кернеген сезімдерді қағаз бетіне түсіруді ұмытып кетеміз. Біздің жетістіктеріміз үнемі шабыт сыйлайды, сондықтан журналдың ішіне жеңістеріңіз туралы жазып отыруды ұмытпаңыз.

5. Тәніңізді шынықтырыңыз. Бұл – өзіңізді шабыттандырудың ең қарапайым жолы. Кеңседен немесе үйден шығып, аз уақыт жүгіріңіз. Осылайша тәніңізді қалыпқа келтіресіз. Әркез белгілі бір жаттығу түрін жасаған сайын, өзімізге қажетті эндорфин аламыз. Ал эндорфиндер бізге өте қажет.

6. Өзіңізге лайық кеңістік таңдаңыз. Бөлмеміз тар болып немесе шашылып жататын болса, біз өзімізді шабыттандыра алмаймыз. Сол себепті бөлмеңізді, жұмыс үстеліңізді үнемі өзгертіп отырыңыз. Үйде немесе кеңседе жұмыс істейтініміз маңызды емес. Бастысы, отырған жеріміз барынша жайлы болуы керек.

7. Табысты адамдардың өмірі туралы оқыңыз. Олардан шабыт алып, әр ісіне таңырқай қараңыз. Олардың өмір жолы бізге айтарлықтай әсер етіп, табысқа жылдам жетуімізге септігін тигізеді. Ең бастысы, бізді табысты болуға баулиды.

8. Тапсырмаларды алмастырып отырыңыз. Ұзақ уақыт бір жобамен жұмыс істеу сізді жалықтыра ма? Абайлаңыз, шаршаған кезде адамның бар ынта-жігері сарқылады. Бәрінен жалыққан кезде кішігірім шаруалармен ғана айналысыңыз. Бұдан өзге қиын мәселелерді бірнеше бөлікке бөлу арқылы шешуіңізге болады.

9. Прогрессті бағалаңыз. Үнемі жұмыс істей беретін болсақ, белгілі бір дәрежедегі жетістікке міндетті түрде жетеміз. Кейде өзіңізді бір орында қатып тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Энергияңыз сарқылмасын десеңіз, өткен өміріңізге қарап, жетістіктеріңізді бағалап отырыңыз. 

10. Өзіңіздің жобаларыңыз туралы айтыңыз. Жоспарларыңызды отбасыңызға немесе достарыңызға айтсаңыз болады. Игі істермен айналысып жүргеніңізді көрсете біліңіз. Осылайша өзіңізді алға жетелейтін жауапкершілік сезімі пайда болады. 

11. Энергетикалық вампирлерден сақтаныңыз. Скептиктер мен пессимистер біздің күш-қуатымызды өздеріне сіңіріп алады. Қандай жағдай болмасын, олардың шырмауына түсіп қалудан сақтаныңыз. Олармен қарсыласып уақытыңызды шығындағанша, өз ісіңізбен тыныш қана айналысқаныңыз жөн емес пе?

12. Мақсаттарыңыз айқын болсын. Нақтырақ айтқанда оларды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Оларды күнделікті көретін жерге іліп қойыңыз. Біздің санамыз нақты не істеу керектігін білген кезде ғана жақсы жұмыс істейді.

13. Өзіңізді қуантыңыз. Дұрысында әрбір жасаған ісіңіз үшін марапаттауды ұмытпаңыз. Мысалы, бір тапсырманы орындап болсаңыз, жақсы көретін тәттіңізді сатып алып жеңіз. 

14. Жеңіле білу де өнер. Сәтсіздік дәл табыс секілді біздің жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі ғана. Сәтсіздікке ұрынамын ба деген қорқыныш сағымызды сындырады. Жеңілісіңізді мойындаңыз. Олардың жағымсыз екені рас. Өзіңізді кемелдендіріп, жақсылыққа үміттеніңіз. Күресе біліңіз.

15. Жаднаманы қолданыңыз. Оларды статус, мақсатқа бағыттаушы ретінде тұтыныңыз. Оның қаншалықты пайдалы екенін көбісі ескере бермейді. Адамдар өзіне хат жазып, артынша оны дауыстап оқудан қорқады. Неге мұны саналы түрде жасап көрмеске? Әр күніңізді өзіңізге бағытталған шабыттандыратын сөздерден бастаңыз.

16. "Жоқ" деп айта біліңіз. Күйзелістен, көңілді алаңдататын дүниелерден, қызықты кештерден бас тартыңыз. Өмірімізде жауапкершілік көп болған сайын өзімізді бақытсыз сезінеміз.

17. Позитивті адамдарды іздеңіз. Мұң, қайғы, шағым деген сөздерді шабытпен қатар айта алмаймыз. Керісінше оптимист, энергиясы мол адамдар бізді жарқын болашаққа жетелейді. 

Сурет: www.yourarticlelibrary.com