Алматыда бір минут ішінде серуендеп шығуға бола ма?

Бұл сұраққа Алматы қаласының тұрғыны "Иә" деп жауап бере алады. Sportnews.kz сайтының графикалық редакторы Ернұр Шүкірәлиев Алматы қаласын бір минуттың ішінде аралап шыққан.

20 жастағы жігіт Алматыны аралаудың өзінше бір әдісін ойлап тауыпты: ол Алматы қаласының белгілі аймақтарында серуендеп жүрген сәтін видеоға түсіріп, оны Premiere pro, After effects видеомонтаж бағдарламалары арқылы 60 секунд ішіне сыйдырған. Автордың айтуынша, бұл бір минуттық видеороликті ол 3-4 апта бойы түсірген, себебі кей күндері түсіруге мүмкіндігі де болмапты. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/c6xesjzij3U#t","width":"450","height":"255"});

Видео Алматы қаласының шамамен 40-қа таяу жерінде түсірілген. Мұндай роликті автор әлеуметтік желілердің бірінен көріп қалып, соны жасап көргісі келген екен.

Бұлай түсіру әдісін режиссер, фотограф әрі иллюстратор Rick Mereki есімді қолданушы жасаған екен. Оның жеке сайтынан басқа да жобаларды көруіңізге болады. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: pogulay.kz