Әуелі тікен, сосын гүл

Көктем келді. Жас жігіт ауласына бір түп райхангүл екті. Ол бір түп гүлді суарып, тыңайтық беріп, бар зейінін сала баптайды. Алғаш қауашақ жарып, гүл ашатын кезде жігіт гүлдің сабағы мен бұтақтарына көптеген тікен өскенін байқайды. Сонымен ол: "Адамның қолына кіріп, мазаны алатын тікенді өсімдікке көркі көз тартатын гүл қалай ашылмақ?" деп ойлады. Ол осы ойға келісімен гүлге қарамайтын болды. Сонымен райхангүл гүл ашатын шақта шөлдеп, қурап қалды.

Әр адамның жүрегінде өз райхангүлі болады, адамның асыл қасиеті райхангүлге ұқсайды. Ал адамның кемшілігі мазаны алатын тікен сияқты. Кейбір адамдар тек өзінің тікенін, яғни кемшілігін ғана көреді де, торығып, үмітсізденеді. Бүкіл өн-бойын толған кемшілік санап, тамаша қасиеттерді жетілдіре алмайтындай сезінеді. Сонымен мұндай адамдар өз жүрегінде райхангүліндей гүл аштыруға немқұрайлы қарайды. Тіпті ондай қасиетті жетілдіруді керексіз деп санайды. Өз бойындағы көмескі қабілеттерін сәулелендіруге құлшынбайды, бұл әдет ақыр аяғында өмір бойы жігерсіз надандықта өтуге, қолынан ештеңе келмейтін ездікке апарып соғады.

Сонымен райхангүлінің сабақтарына әуелі тікен шығып, артынан гүл ашады. Адамдар да осыған ұқсас, кемшілік-қателіктерден аулақ жүрсең тамаша қасиеттерің ашылған гүлдей құлпыра жетілетін болады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wechat.com