Французша «сен көріктісің» тіркесі қалай айтылады?

Французша «сен көріктісің» тіркесі қалай айтылады?

Ғашықтың тілі – француз тілі. Француз тіліндегі сөздердің дыбысталуы мен акценті тілге ерекше әр беріп, адамның махаббатын одан әрі күшейтетіні рас. Тіпті қайғылы сарынмен орындалатын әндері француз тілін білмейтін адамдарға басқалай әсер етеді. Олай болса, француз тілін білмейтін адамның құлағына жағымды естілетін қандай сөз тіркесін жаттап алған дұрыс?

«Сен көріктісің» етістікті тіркесінің француз тіліндегі бейресми түрі: tu es jolie (оқылуы: ту э жо-ли)

«Tu es», мағынасы  «Менде бар».

«Jolie», мағынасы «көрікті» немесе «тартымды».

«Сен көріктісің» етістікті тіркесін ер кісіге бағыттап айтылуы: tu es beau (оқылуы: ту э бо)

"Beau", аудармасы "тартымды",ер кісіге қаратылып айтылады.

«Сен көріктісің» тіркесін ресми түрде қолданылуы: Vous êtes belle (оқылуы:  ву-зет бель)

"Vous êtes", аударманың ресми нұсқасы "сізде бар".

"Belle", аударылуы - "әдемі".

Кеңестер:

«tu es» немесе «vous êtes» тіркестерінен кейін «très» (оқылуы: трэ) сөзі қойылса, етістікті тіркес «сен өте кереметсің» болып өзгереді.

«Vous» сөзі «Tu» есімдігіне қарағанда жалпылама қолданылады. Көптеген француз тілінде сөйлеушілер өзіне «Tu» есімдігінің қолданылуын кемсіту деп біледі.

«Tu» деп кімдерге қаратып айтуға болады:

  • Жасөспірімдер мен балаларға;
  • Туыстарға;
  • Өз замандастарыңызға;
  • Жануарларға;

«Vous» деп кімдерге қаратып айтуға болады:

  • Беделді адамдарға;
  • Өзіңізден үлкен кісілерге;
  • Енді ғана танысқан адамдарға.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.wikihow.com, phobosphotos.over-blog.com.

Ж. Өрісбай