Өмірдің сыйы қайтарымсыз берілмейді

Өмірдің сыйы қайтарымсыз берілмейді

Сіз қанша жомарт, өмірге бергеніңіздің салмағы қанша көп болса, аларыңыз да сол мөлшерде болады. Ал қанша сараңдық танытсаңыз, қол жеткізеріңіз де сонша мардымсыз болады.

Жаздың бір жауынды күні. Ақ самайлы қарт ана әмбебап дүкенге кіріп жауыннан ықтайды. Көп адамның онымен шаруасы болмайды. Тек жас сатушы ғана оған не қажет екенін сұрап, көмек жасайтын бейім байқатады. Оның тек жауынның басылуын күтетінін білген соң, зат таныстырып мазасын алмай орындық беріп, қасында отырып әңгімелеседі. Жауын басылған соң әлгі қарт алғысын айтып, сатушының визиткасын алады. Бірнеше ай өткеннен кейін бұл дүкен Шотландиядан жіберген тұтас бір қала қорғанын безендіруге әлгі сатушыны ұсыныс еткен шақырту қағазын алады. Сатушы жігіт осы бұйымдар сарайының кәсіптік серіктесі салауатымен Шотландияға сапар шегеді. Ал әлгі жауыннан ықтаған қарт Американың әйгілі болат-темір патшасы атанған Канкейдің анасы еді. Шақыруды сол қарт жіберген. Жас сатушының бағының ашылуы оның басқаларға қарағанда мейірімді, басқаларға көңіл бөлгіш әдептілігінен еді.

Бір жиһангез адам шөлде арып-ашып екі күн жол басып, шөліркеп өлуге айналғанда бір ескі үйді байқайды. Ол кіріп ары-бері қарайлап, ескі-құсқы ағаш материалы үйілген үйдің бұрышынан бір су тарту құрылғысын байқайды. Ол қанша әбігер болса да су шықпайды. Торығып отыра кеткен ол құдықтың қасына бір ескі күбі қойылғанын көреді. Қараса күбіге су толтырылған екені, қабырғасына «Су тарту үшін, су тарту құрылғысының алқымына су толтыру керек! Кетеріңізде күбіге су толтырып кетуді ұмытпаңыз!» деген ескерту жазылған қағаз жапсырылған еді. Ол күбіні ашып қараса, шынында, су толы екен, ол іштей ширығады.

Егер ол өзімшіл болса, күбідегі суды ішіп қанып алып жайына кетуіне болады. Ал ескерту бойынша бар болғаны бір күбі суды құдыққа құйғанда су шықпай қалса, онда өлгені сол емес пе?

Ол ақыры күбідегі суды құдыққа құйып, дірілдеген дәрменсіз қолдарымен су тартқышты әзер толғайды, сәлден соң, шынында, мол су көлкіп шығады, ол ішіп қанған соң күбіге су толтырып, өзінің ескертуін жазып қояды, сөзсіз, су шығатынына сеніңіз!

Алудың алдында беруді білу керек. Өмір бейне су тартатын құдық секілді. Біз, ең әуелі, су тартқыш шығырдың алқымына су толтырсақ қана, мол су тартып шығара аламыз. Егер бізде беру болмаса, алу да болмайды. Мейлі жалындаған жас, қаусаған қарт болсын адалдықпен өзін арнай білуі – басқаларға шаттық бағыштайтын тамаша қасиет. Жомарт жандарды әркім де жақсы көреді.

Әр табыскердің бәрі табысқа жету жолында басқалардың көмегіне ие болатыны шындық. Сондықтан басқаларға қайта беру де әділ қарымта саналады.

Қайтарым – табысқа жетудің ең сенімді тәсілі. Басқалар үшін өзінің уақыты мен зейін-қуатын сарп еткен адам нағыз бай, жомарт адам, басқалар үшін өзін арнау елге пайдалы болып қана қалмастан, өзінің өмір құнын жоғарылатады. Қарсы жақ сіздің көмегіңізді қабылдасын-қабылдамасын сізге іштей борыштар болары сөзсіз.

Ойлаңызшы, егер әрбір адам басқалар үшін жақсылық бағыштаса, өмір бойы басқаларға қол ұшын берсе, мына дүние қандай көркем, қандай берекелі болар еді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: tumadin.ru 

M. Auelkhan