Үй сәндеуге қарапайым кеңестер

Үй ішін сәндеуге арналған қарапайым кеңестер бір қажетке жарап қалар деген оймен ұсынылады. 

* * *

Егер сіз бөлмеге кішігірім ашық реңк қосқыңыз келсе, онда есіктің шеткі тұсын ашық түске бояңыз. 

Немесе суырмаларадың бүйір жақ қапталарын ашық түсті етіп бояңыз.

Сапалы сағатты велосипед дөңгелегінен де жасауға болады. 

Немесе ескі күйтабақ ойнатқыштан 

Ескі алқа, сән таққыштардан пердеге әдемі байламша шығады. 

Бақша ішінде маусымдық өсімдіктерді ауыстыру үшін (қауашақ ішінде сатылатын), "қауашақ ішіне қауашақ" әдіс-тәсілін таңдаңыз. 

Боялған шамдар бөлмеге ерекше жарық беріп тұрады. 

Бөлмеге теңіздік немесе ағаштық үлгіде қарапайым арқан үйлесе кетеді. 

Ауыз тазалауға арналған сұйықтықты әдемі графин ішіне құйып қойыңыз. 

Әр биікте орналасқан шамдар дәстүрлі алаошақтың орнын ауыстыра алар еді.

Егер түрлі түсті ленталарды байлап қояр болсаңыз, сұрықсыз ескі желдеткішке өң кірер еді. 

Шам қалпағының ішкі қабатын жарқырайтын бір затпен қаптасаңыз, ерекше үлгідегі жарық түзіліп шығады. 

Жартысына дейін боялған қабырғалар үй төбесін биіктете түседі.

Шам қалпағындағы тесіктер түнгі аспанның жұлдыздарын еске салады.

Стеллаж орын үнемдеуге көмектеседі. Әрі бос бұрышты толтырып тұрады. 

Су мен картофель крахмалының араласқан қосындысы арқылы кездемені алынбалы түсқағазға айналдыруға болады. 

Осы бір өзгеше сөрелер терезе ернеулері мен ағаш баспалдақтардан жасалған.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: businessinsider.com