Бақыт үшін айтылатын үш ауыз сөз

9 сынып

Ағылшын тілі сабағында бар назарым алдыңғы қатарда отырған қызда болды. Ол менің, қалай айтсам екен, "ең жақсы досым" болатын.

Жібектей шашына қарадым да отырдым. Қарадым да, менікі болғанын қаладым. Дегенмен, ол менің махаббатымды біле бермейтін. Оны да іштей сезетінмін. Бір күні сабақтан соң қасыма келіп, өткізіп алған лекциясының конспектісін сұрады. Қуана-қуана тапсырдым. "Рақмет" айтты да, бетімнен сүйіп кете барды. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

10 сынып

Телефон қоңырауы. Ар жақтан шығып жатқан дауыс сонікі. Жылап жатқанына қарамастан, ара-арасында үздігіп болса да, сүйген жанының жүрегін жаралап кеткені айтылып қалып жатыр. Бір кезде үйіне шақырды. Жалғыз қалудан қорқатынын және менің барғанымды қалайтынын жеткізді. Несі керек, бардым. Қарсы алдында диванда отырмын. Әдемі көздеріне көз алмай қарай беремін, өзімдікі болғанын қаладым. Екі сағаттық фильм мен бірнеше қалбыр чипсыдан соң, ол маған ұйықтайтынын айтып, "рақмет" деді де, бетімнен сүйді. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

11 сынып

Мектеп бітіру кешіне бір күн қалған болатын. Ол менің қасым келді де: "Менің жігітім ауырып қалды. Ертеңгі күнге дейін жазылып кете алмайды",- деді. Менде ол уақытта қыз жоқ болатын, оның үстіне 7 сынып оқып жүргенде бір-бірімізге әрқашан қол ұшын береміз деп уәделескен болатынбыз. Сондықтан, әлгі баллға "ең жақсы достар" болып бардық. Сол күні, салтанаттты кештен соң, мен оның үйінің қасында тұрдым. Оның қалай жымиғанын және маған мөп-мөлдір көздерімен қарап тұрғанын көрдім. Өзімдікі болғанын қаладым. Бірақ, амал нешік, ол мұны байқамайтын. Оны да іштей сезетінмін. Сосын ол маған: "сенімен бірге уақытты тамаша өткіздім, рақмет!" - деп, бетімнен сүйді. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

Бітіру кеші

Күндер өтіп жатты. Көзімді ашып-жұмғанша түлек атанып шыға келіппін. Періште секілді мүсіндей денесімен диплом алу үшін сахнаға алып ұшып бара жатқан оны көрдім. Өзімдікі болғанын қаладым. Бірақ, амал нешік, ол мұны байқамайтын. Оны да іштей сезетінмін. Үй-үйге тараспай тұрып, жол үстінде тұрып қалыппыз. Үстінде ертегі көйлегі, басындағы сәнді қалпағы бар ол жаныма жақындап келді де, құшағыма алуым мұң екен, бір сәтте жылап жіберді. Сосын иығыма басын қойып: "сен менің ең жақсы досымсың, рақмет саған!" - деді де, бетімнен сүйді. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

Бірнеше жылдар өткеннен кейін

Ол қыз тұрмысқа шығып жатыр. Жаңа ғана өз аузынан "Иә" деген сөзді есіттім және бейтаныс біреумен салтанатты үйге  бірге аттағанын көрдім. Өзімдікі болғанын қаладым. Бірақ, амал нешік, ол мұны байқамайтын. Оны да іштей сезетінмін. Алайда, көлікке мінбестен бұрын, ол менің қасыма келді де, былай деді: "Сен келдің!!! Рақмет!". Бетімнен сүйді. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

Жерлеу рәсімі

Арада қаншама жылдар өткен. Төменде жатқан қабір ішінде әр уақытта менің ең жақсы досым болған қыз жатты. Олар оның мектеп өмірінің барлық жылдарында жазып өткен күнделігін оқып тұр.

Кенет, онда былай деп жазылған жолдар бар екен:

Мен оған қарап тұрып, өзімдікі болғанын армандаушы едім. Бірақ, амал нешік, ол мұны байқамайтын. Оны да іштей сезетінмін. Ал мен оған өзімнің жай ғана дос болып қала бергім келмейтінімді және өзімнің не қалайтынымды айтқым келді. Мен оны қатты сүйемін, бірақ, айтуға қысыламын және не үшін екенін білмеймін.

Оның мені қатты сүйетінін айтқанын қаладым.

* * * * 

Бақыт үшін екеуінің біріне жай ғана үш ауыз сөзді айту қажет болатын...

Cурет: vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек