- Негізгі бет
- Жаднама
- Неліктен жалбыздан...
Неліктен жалбыздан кейін ауыз қуысы мұздайды?
Әрбір адам өмірінде мұз кәмпит немесе жалбызды сағыздың дәмін татып көргені хақ. Алайда, көп адам неліктен ауыз қуысында бірер секундтан кейін ызғар пайда болатынын білмейді. Ал шын мәнінде ментол жай ғана ауыз қуысына ызғар сағымын келтіреді.
Бәріміз білетіндей адам суықты тері мен шырышты қабық астындағы суық рецепторының әсерінен сезеді. Мысалы, егер дене температурасы бірнеше деңгейге төмендейтін болса, жүйке жүйесі миға арнайы импульс жібереді. Одан кейін тамыр қан жолы тарылып, қан аз мөлшерде айналады. Сонымен қатар бұл рецепторлар дене температурасы төмендеген жағдайда ментол жалбызының құрамында болатын элементтергеде байланысты да реакциялық жауап қайтарады. Расында ментол ауыз қуысын салқындатпайды, жай ғана ызғар сезімге бөлейді. Ментол суық рецоптор жұмысын арттырып, басқа рецепторларды әлсіздендіреді.
Сонымен қатар ауыз қуысын өте ащы дәмге келтіретін капсаицин заттегісі де бар. Ол терморецепторлерге күшті ықпал жасайды. Мұндай заттек, әсіресе, қызыл бұрыш, пияз секілді өсімдіктерде көптеп кездеседі. Сол себептен бұрыш ауыз қуысына күйдірерлік әсер қалдыратыны содан.
Оқи отырыңыз:
"Доллар" сөзі қалай пайда болды?
Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз
Нағыз жігіттер ғана білетін құпиялар
Жан-жануарлардың қызықты суреттері
Сурет: miloteka
Н. Нұрмаханұлы