Қазақстанда қант 1000 теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қазақстанда қант 1000 теңгеге дейін өсуі мүмкін

Соңғы бірнеше айда елімізде қант тың бағасы бірнеше есе өсті. Ірі сауда желілері оны 400-500 теңге сатып жатыр. Алайда, азық-түлік өндірушілер мәлімдегендей, күзге қарай қант бір келі үшін мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Қазір ең арзан қант Ақтөбеде сатылып жатыр. Оның бағасы 670 теңгеден басталады. Одан кейін Алматы - үй жанындағы дүкендерде қант 700 теңгеден сатылады. Дәл осындай баға Оралда. Нұр-Сұлтандағы сатушылар бір келісіне 750 теңге сұрайды. Атырау, Шымкент, Қостанайда қант 800 теңгеден сатылады.

Биыл Қазақстанда қант қызылшасы 12 мың тонна ғана егілді. Себебі, фермерлерге соя өсіру әлдеқайда тиімді және оңай.

"Фермерлердің өзінде бұл дақыл өндіруге байланысты күрделі проблемалар бар. Солардың бірі - су мәселесі. Біз сондай-ақ импортқа 90 пайыз тәуелдіміз. Біз қант қызылшасы бойынша маңызды жұмысты жолға қойған жоқпыз. Лайықты технологиялармен қамтамасыз ете алмадық. Бұл салаға инвестиция қажет", - деді  "Атамекен" ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.  

Г. Досымшалова