"Бұл белгі!" Аспанда бұлттан пайда болған бейне жұртты шошытты

"Бұл белгі!" Аспанда бұлттан пайда болған бейне жұртты шошытты

Әлеуметтік желілерде аспанда бұлттан пайда болған бейне видеосы тарады.

Видео Instagram және TikTok желілерінде тарады. Видео авторы Сапар есімді ер адам. 

"Екі көз. Көрдің ба? Қарасай міне: екі көзі, мұрны, аузын қара. Көрдің ба?", - дейді видео авторы. 

@user3968112443680

♬ оригинальный звук - Сапар

Видео авторының сөзінше, оқиға Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында болған.

@user3968112443680

♬ оригинальный звук - Сапар

Алайда бұл құбылыс монтаж не монтаж емес екені әзірге белгісіз. 

"Алланың құдыреті шексіз", "Торнадо деп ойлаған мен ғана ма?", "Бұл белгі! Адамдар, мейірімді болайық!", "Төбемізден қарап тұр!", - дейді Желі қолданушылары. 

Мамандар аспанда бейне көру құбылысын парейдолия психологиялық феномені екенін айтады. Парейдолия сөзі гректің para - жақын, қасында, бір нәрседен ауытқу, eidolon - бейне, сурет дегенді білдіреді. Құбылыс кейбір визуалды бейнелерде біз ерекше және нақты нәрсені, мысалы, бұлттардағы адамдардың бет-әлпетін немесе фигураларды байқағанымызда көрінеді.

С. Сатыбалдина