Елімізде әлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалып жатыр

Елімізде әлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалып жатыр
Фото: i.kiosk.ru

Елімізде әлемде баламасы жоқ қалта телефоны секілді шағын пішіндегі аккумулятор жасалып жатыр.

Қондырғы 1 киловатт энергия береді. Бұдан бөлек, 360 градуста жарық беретін, 15 жылға дейін жарамды, қуатты 3-4 есе үнемдейтін шамдардың өндірісі қолға алынған.

Бүгін Астанада 2017 жылы өтетін EXPO көрмесіне ұсынылатын осындай 25 түрлі тың жоба таныстырылды. Жаңашылдықтарға толы ғылыми ізденістерді «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрі аралап көрді. Егер ғалымдардың баламалы қуат көздерін дамытуға бағытталған еңбектері тиімділігін дәлелдесе, халықаралық көрмеге қойылады. Ал жобалардың іске асуына бизнесмендер атсалысып, мемлекет тарапынан да қаржыландырылуда.

Әбдікәрім Зейнуллин, Техника ғылымдарының докторы, профессор: 
- Әр жобаның бағасы әртүрлі. 2 жыл бұрын бағдарлама басталды. Бірақ оның алдында іргелі зерттеулер жасалған. Мысалы мынау батареяларды біз EXPO-ға дайындап жатырмыз. Бірақ ол бүгін жасалған жоқ. Оның іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары 5-6 жыл бұрын жасалған. Сондықтан қанша қаржы жұмсалды? Қандай бағада тұрады деп айту өте қиын. 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы