Samsung жаңа iPhone-ды күлкі етті

Әлемнің смартфон нарығында Apple мен Samsung корпорациялары бір-біріне негізгі бәсекелес болып саналады. Кез келген жағдайда Apple маркетологтары сабырлылық танытып әрекет етсе, Samsung үнемі келеке етудің амалдарын қарастырады.

Жаңа iPhone сатылымға шықпай жатып, тұтынушыларды кері үгіттеу – Samsung компаниясының негізгі мақсаты. Ендеше оңтүстік кореялық компанияның жаңа видеоролигін тамашалайық.

Өздеріңіз куә болғандай, Samsung сымсыз қуаттау мүмкіндігін басты артықшылық деп отыр. Ал смартфонды таңдау құқығы, әрине, тұтынушылар құзырында.