YouTube Gaming сервисі іске қосылды
![YouTube Gaming сервисі іске қосылды](/userdata/news/news_31827/image_l.jpg)
Фото:
youtube.com
Google компаниясы YouTube Gaming деп аталатын сервисті іске қосты. Қызмет видеоойындардың онлайн трансляциясын көруге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Eurogamer.
Сервис жұмысының принципі Twitch-ке ұқсас. Қолданушылар болып жатқан ойынды көріп қана қоймай, пікір қалдыра да алады.
Ал оның Twitch-тен ерекшелігі DVR Mode деп аталатын қызметінде. Бұл опция соңғы 4 ойынды буферде сақтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында, қолданушы бұрын көрген ойынды көп уақыт жұмсамай қайта тамашалап шыға алады.
iOS және Android платформаларының қолданушылары үшін арнайы қосымша да жасалған.
М. Бисембаева