Ғалымдар қолдан ми өсіріп шығарды

Огайо штаты университетінің мамандары қолдан ми өсіріп шығарды. Бұл туралы оқу орнының сайтында жазылды.

Жоба жетекшісі Рене Анандтың айтуынша, олар өсірген ми 5 апталық эмбрионның миына ұқсайды. Бірақ, онда қан айналым жүйесі жоқ. 

Ананд жобасы туралы ашылып айтқан жоқ. Барлық ақпаратты жұмысын патенттегеннен кейін жариялайтынын хабарлады. Оның айтуынша, ол өсірген ми кәдімгі мидың әлемдегі ең дәл көшірмесі екен. Ол 12 аптада өсіп шыққан. 

Ғалымның айтуынша, жобаны ми ауруларының неден пайда болатынын зерттеу үшін қолдануға болады.