Бразилиядағы қонақ үй жарық диодтарымен безендірілді

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы WZ Jardins қонақ үйі ерекше дизайнға ие болды. Нақтылап өтсек, аталған бес жұлдызды қонақ үйдің қасбеті интерактивті сыртқы көрініспен көмкерілген. Жарық диодтарының элементтері жақын жердегі дыбысқа еліктеп, ауаның ластануына қарай түсін өзгертеді.

Егер 30-қабатты қонақ үйдің қасбеті көк немесе жасыл түсте болса, ауаның таза екенін білдіреді. Ал қызыл немесе қоңыр-сары түске өзгерсе, бұл смог қабатының пайда болғанын дәйектейді. Сонымен қатар, қонақ үйдің жарығын смартфонмен басқаруға болады. Ол үшін тек арнайы бағдарламаланған қосымшаны қондырып алу керек.

Жүзеге асырылған жобаның құрылымына келер болсақ, қонақ үйдің сырт беті қасында арнайы сезгіш тетіктері бар 200-ден астам жарық диодтары орнатылған. Сондай-ақ, WZ Jardins ғимаратының маңында көше дыбыстарын қабылдайтын микрофондар қондырылған.