Алма белгісімен теледидар шықпайды

Алма белгісімен теледидар шықпайды
Фото: www.macrumors.com

Атаулы брендтің тұтынушылары Apple-ден теледидарлар сериясын шығаруды күткен болатын. Бұл туралы осыған дейін де бейресми ақпараттар жарияланғаны белгілі. Дегенмен, компания өкілдері алма логотибі бар жаңа тұрмыстық техниканың жарыққа шықпайтынын хабарлады. Бұл туралы The Wall Street Journal ақпараттық ресурсы жазады.

Аталған экономика жаршысының мәліметіне орай, 4К-теледидарларды құрастыру көп қаржыны талап етеді. Сонымен қатар, үнемі сүбелі артықшылықтарға ие өнім шығаратын Apple инженерлері мен дизайнерлері бұл өнімге байланысты жаңа идея таппаған секілді.

Алғашында Apple теледидарға 4К-матрицалы сапамен жұмыс істейтін FaceTime видеочатын орнатуды жоспарлаған. Одан бөлек, 2000-жылдары жаңа өнімге лазерлі панельдерді қолдану тәжірибесін жасайды. Дегенмен, компания инвесторлары бұл өнімнің қымбатқа түсетінін ескеріп, жобаны қаржыландыруды тоқтатады.

Apple теледидардың орнына Apple TV атты телевизиялық құрылғысын нарыққа шығармақ. Теледидардың қосалқы өнімі келесі айда өтетін Worldwide Developers Conference іс-шарасында ресми түрде таныстырылатын болады. Девайс жоспарланғаннан да жіңішке болып, қашықтықтан басқару мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, сенсорлы қызмет үлгісі мен тұтынуға әртүрлі өзіндік қосымшалар енгізілмек. Бейресми ақпаратқа орай, Apple TV гаджеті iPhone көмекшісі Siri сынды дыбыстық қызметпен де қамтылуы мүмкін.

Әрине, жоспарланған жобаның жүзеге аспай қалуы компанияға шығын алып келеді. Ал Apple ортаңқол өнім шығарып, нарықтағы беделін түсіріп алудан қорқады. Сол себепті Тим Кук тәуекелге бас тікпей, қымбат жобаны уақытша қаржыландырмауды жөн көрді. 

Ұқсас жазбалар: 

Apple Samsung компаниясын сотта тағы да жеңіп шықты

Forbes ең қымбат компаниялар тізімін жариялады

Ж. Өрісбай