Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Microsoft-тың Windows 10 операциялық жүйесі (ОЖ) Windows 7, Windows 8 және Windows 8.1. сынды алдыңғы нұсқаларды қолданып келген адамдарға бір жыл көлемінде тегін болады, деп жазады inform.kz Rosbalt агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа ОЖ АҚШ-тың Редмонд қаласында орналасқан Microsoft компаниясының штаб-пәтерінде таныстырылды.

Айта кетейік, біз бұған дейін Microsoft-тың ғаламторда жаңа іздеуші жүйе - Spartan браузерінің таныстырылымы болғанын хабарлағанбыз. Бұл бағдарлама Windows 10-ның құрамында болады.

Компания өкілі Майерсонның хабарлауынша, олар нарықта беделі түсіп бара жатқан Internet Explorer-ді жаңғыртқаннан гөрі жаңа браузер ойлап тапқан дұрыс деген шешімге келген. Сол себепті Chrome және Firefox-ке ұқсас, жылдам әрі жеңіл жұмыс жасайтын Spartan-ды қолданысқа шығарған.

Windows 10-ның жетілдірілген соңғы нұсқасы 2015 жылы сатылымға шығады.

сурет: windows.net

Е. Қайрахан