iPhone 7 процессорларын Samsung шығаратын болды

iPhone 7 процессорларын Samsung шығаратын болды

Бір өнімді сатуға шығару кезінде көзқарастары қайшы келетін компаниялардың бір-бірімен ортақ келісімге келуі орын алатыны бар. Ғаламдық үдерістің барысынан білетініміздей, Apple мен Samsung компаниялары да осы тектес, бір-біріне бәсекелес болып келеді.

Тіпті жуырда силикондық компанияның өз бәсекелесінен жаңа iPhone смартфондарына чиптерді сатып алудан бас тартқаны белгілі болды. Samsung компаниясы басшылығының берген мәлімдесене орай, Apple оңтүстіккорейлік компаниямен жаңа келісімге отырыпты. Ғаламтордағы ақпарат көздерінен бұл алдынғы келісімнен де оңтайлы тапсырыс болғаны туралы жазылып жатыр.

Силикондық тапсырысқа келетін болсақ, ол A9 процессорларының толық жабдығы болып отыр. Аталған процессорлар iPhone сериялы смартфондардың келесі нұсқасына қондырылатын болады. Ал оның платформасы бұрынғыдай қалыпта болады. Жасалынатын 14-нанометрлі A9 процессорлары жаңа үдерістің триумфы болады деп күтілуде.

Олар компактті және қуат үнемдеуге бейім болып жаңартылмақ. Екі құрлықтың нарығын біріктірген ортақ келісім екі жаққа да табысты болып келетіні белгілі болып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gadgetblog.ru

Ж. Өрісбай