Бейжің қаласында тамыздан бастап тегін Wi-Fi жұмыс істейді

Бейжің қаласында тамыздан бастап тегін Wi-Fi жұмыс істейді

Бейжің қаласындағы қоғамдық көліктерде тамыз айынан бастап тегін Wi-Fi болады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sina.com порталына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы ақпарат құралдарына Бейжің қаласындағы қоғамдық көліктерге қойылатын ақысыз Wi-Fi жүйесіне жауапты Бейжің Илу ақпарат жауапкершілігі шектеуші серіктестігі мәлімдеді.

"Екі ай бойы Бейжің жылжымалы хабарласу компаниясымен бірлесе осы жобаға сынақ жүргіздік. Тамыз айынан бастап "16WiFi" деп аталатын сымсыз ғаламтор жүйесі барлық қоғамдық көлікте жұмыс істейтін болады",- дейді жобаға жауапты маман.

Дерек көздерінің хабарлауынша, бұл Wi-Fi Бейжің қаласындағы 9000-нан астам қоғамдық көлікке орнатылып болған. Жыл соңына дейін қоғамдық көліктерге орнатылатын құрылғының санын 12 000-ға жеткізу жоспарланып отыр екен. Сонымен бірге, Бейжің қаласының шет аудандарына қатынайтын қалааралық автобустар да осы қызметтен игіліктене алады екен.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: app111.com

M. Auelkhan