Microsoft компаниясы Surface Mini планшеттерін шығаруды доғарды

Microsoft компаниясы Surface Mini планшеттерін шығаруды доғарды

Екі күн бұрын Microsoft корпорациясының өз иелігіндегі Nokia смартфондарын қайтып шығармайтыны жайлы ақпарат берген болатынбыз. Ал бүгін аталған корпорация қысқа тиражбен сатылымға шығарылған  Surface Mini планшетінің келесі модельдерінің шықпайтынын жариялады.

Бар-жоғы 20 000 данамен шыққан планшетті софтвер алыбы екінші қатардағы жоспарға ауыстырған. Неліктен? Бұл ақпарат та бізге белгісіз. Компания өз ішіндегі қаржы дағдарысы туралы БАҚ өкілдеріне хабарлауға асықпай отыр.

Бір қызығы, АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржа бойынша комиссия орталығының бақылауына Microsoft корпорациясынан 8-K формасындағы өтініш түскен. Бұл қаржы мамандарының тілінде компанияның жаңа жұмысшы қабылдамайтынын білдіреді.

Өзгеріссіз көрсетсек: «Ағымдағы жылдың қаржылық сараптамасы бойынша корпорация өнімдері кешіктірілуінің салдарынан Surface планшетінің келесі сериясы шықпайтын болды. Сондықтан инвесторлардың келесі кеңесін өткізгенге дейін жаңа жұмысшылар алуды уақытша тоқтатуға міндеттіміз».

Әрине, жаңа форм-фактордың шықпай қалуы бізге белгісіз болған жаңа өнімге қатысты болуы мүмкін. Дегенмен, енді Windows бағдарламалары толық жұмыс жасайтын мини планшеттер жаңартылмайтын болды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.microsoft.com

Ж. Өрісбай