Су өткізбейтін арзан смартфон шығарылады

Ағымдағы жылдың ақпан айында Sony орта көлемдегі Xperia M2 және M2 Dual смартфондарын нарыққа шығарған болатын. Ал жуырда су өткізбейтін Xperia M2 Aqua атты тағы бір смартфонды жұртшылыққа таныстыруды көздеп отыр.

АҚШ-тың Федералды Агенттігінде (Federal Communications Commission, FCC) көрсетілген құжаттарға орай, PM-0770 және PM-0771 кодтық атауларға ие екі құрылғы моделі арнайы тексеруден өткен. Ал Sony-дің ресми сайтында жарияланған смартфондардың XML файлдары тура сол кодтардың өзі болып шығады. Тек атауы ғана Xperia M2 Aqua болып өзгерген.

Расында, Xperia M2 моделінің Aqua нұсқасы тек бір ғана өзгеріспен, нақтырақ айтсақ, суға төзімді болып шығады екен. Естеріңізге сала кетейік, Xperia M2 және Xperia M2 Dual 4,8 дюймді дисплейлі, 1,2 ГГц жиілікте жұмыс істейтін төрт ядролы Qualcomm Snapdragon 400 (MSM8928 LTE) процессорына ие, оған қоса, 8 мегапикселді камерасы бар жапон смартфондары болып табылады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.technewsworld.com