- Негізгі бет
- Жаңалық
- Пауло Коэльо жайлы...
Пауло Коэльо жайлы не білуіміз керек?
Бүгін әлем бойынша оқырманы ең көп жазушының туған күні. Пауло Коэльо 67 жасқа толып отыр. Оның өмірі мен шығармашылығына massaget.kz бір ғана рет тоқталған жоқ. Ол туралы мақалаларымыз жеткілікті. Бірақ дәл бүгін біз оның құпиясын ашқымыз келді. Сонымен, Пауло Коэльо жайлы не білуіміз керек?
- Пауло Коэльо ешқашан тұрақты әрі тыныш өмір сүрген жоқ. Әке-шешесінің үгіттеуімен заң мамандығына түсіп, ол жақтан шу шығарып шығып кеткен. Бірнеше рет психиатрлық ауруханада, бірнеше рет түрмеде отырып шыққан. Ал 38 жасқа келгенше ол ән жазған. Бұдан кейін ол кітап жазуды өзіне мақсат етеді.
- Пауло Коэльоның 86 мың кітабы әлемнің 150 елінде сатылған. Франция мен Италияны қосқанда көптеген елдерде әдеби сыйлық иегері болған. Ал «Заир» атты новелласының Иранда 1000 дана кітабы тәркіленіп, оқуға рұқсат етілмеді. «Алхимик» деп аталатын туындысы Еуропаның көптеген мектептерінде сабақтан тыс оқуға беріледі екен.
- Пауло Коэльо қаншалықты атақты болса да бірқатар сыншы оның еңбегін тым қарапайым, тым жүдеу санайды. Оның еңбегі көбінде бүгінгі көп оқылатын жеңілтек кітаптар тізіміне енген.
- Осыдан 23 жыл бұрын Пауло Францияның бір қалашығынан Сантьяго-де-Компостела деген испаниялық қалаға дейін 700 шақырымдық қашықтықты жаяу жүріп өткен. Осы жолды жүріп өткен соң ол «Сиқыршы күнделігі» ("Дневник мага") деп аталатын кітап жазып шықты.
- Коэльо әзілді жақсы көреді, бірақ журналистерді жақтыртпайды. Әрбір бразилиялық секілді футбол десе ішкен асын жерге қойып көретін де қасиеті жоқ емес. Сонымен қатар жаяу жүргенді және садақ атуды жаны қалайды екен.
- Пауло Коэльоның қолында көбелектің таңбасы басылған татуировка бар. Бұл оның төртінші рет (!) үйленген кезінде жасалыпты. Бұдан басқа Пауло неке жүзігін таққысы келмейтіні сұхбаттарынан белгілі болды.
- Коэльоның әрбір шыққан кітабы өзін өзі тануға арналған. Ол өзінің арманы жайлы жазатынын, өз арманын біліп, соған ұмтылу өмірдегі ең маңызды нәрсе екенін айтады жазушы.
- 2007 жылы ол әлдеқайдан бір белгі берілгенін біліп, 90 күндік құлшылық жасау үшін Ресейден өтіп, шығысқа қарай бет алады.
- Оның ең атақты оқырмандары Джулия Робертс пен Мадонна. Ал Жак Ширак Құрметті легион рыцарының орденін сыйлаған.
- Коэльо ешқашан кейіпкерлерге сипаттама бермейді және детальдарды суреттемейді. Сол Коэльо беретін аз ақпаратты оқыған оқырманы мәселенің мән-жайын өзі-ақ түсініп алады екен. Сондықтан да ол өз оқырмандарын авторластары ретінде санайды.
Оқи отырыңыз:
Бүгін атақты жазушы Пауло Коэльоның туған күні
Пауло Коэльо жайлы фильм түсіріледі
Дайындаған: Ардақ Құлтай
А. Құлтай