- Негізгі бет
- Жаднама
- Пауло Коэльоның цитаталары...
Пауло Коэльоның цитаталары
Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Осы уақытқа дейін 16 роман-кітап, түсіндірмелі антологияларды, қысқа әңгімелердің жиынтығын жарыққа шығарған.
* * *
Әрбір таң - өмірді басынан бастауға таптырмас мүмкіндік.
* * *
Заттарды бағасына қарап емес, олардың құнына қарап бағалаңыз.
* * *
Өзгеріс - әрдайым қорқынышты. Бірақ, ешкім де сіз үшін сіздің өміріңізді өзгертпес. Сіз қандай таңдауға барып тұрғаныңызды білесіз, бірақ қорқынышқа қарамастан, алға жылжитын боласыз. Жетістіктің басты ережесі де осы.
* * *
Егер сен кереметті ғана көрер болсаң, онда өз ішіңнен кереметті ғана алып жүрсің деген сөз.
* * *
Айтарға әрдайым сөз табылады, бірақ барлығымыз оның әсерінен қорқамыз.
* * *
Егер сенен "қош бол" деп айтуға ерік-жігер табылар болса, онда өмір сені жаңа "сәлеммен" қауыштырмақ.
* * *
Өмір адамдардың еріктерін әртүрлі істе сынап, байқап көргісі келеді: енді бірде мүлдем ешнәрсе өзгерместей қылып тастаса, енді бірде барлығын басыңа бірден үйіп-төге тастамақ.
* * *
Дұшпанды жақсы танып, көзін құртудың ең үздік жолы - бұл оның досына айналу.
* * *
Тілектен үнемі бір шикілік көрінеді. Бәлкім, орындалу арқылы тілек болудан қалғаныннан шығар.
* * *
Өмір - бәс тіккен қадамыңа байланысты санаулы сәттерді күту.
* * *
Сұрап тұрғанда бергең жақсы, бірақ жүз есе жақсысы - барлық адам ешнәрсе сұрамағанға сенеді.
* * *
Немен айналыспасын, жер бетіндегі әрбір адам әлем тарихында басты рольді ойнайды. Және әдетте мұны білмей жатады.
* * *
- Револьвердің саған қажеті қанша? - деп сұрады жасөсіпірім.
- Жұртқа сеніп үйрену үшін, - деді ағылшын.
* * *
Жоғалғанның орнын жоқтау үшін, алдымен шынайы бауыр басып көру керек.
* * *
Менің мақсатым - махаббатты түсіну болса, десе де, мен өз жүрегімді табыстағандардан азап шексем, бір нәрсені анық көремін: жаныма қол тигізгендер, денемді өртей алмайды, ал менің денемен тигендері болса жанымды ұғуға дәрменсіз.
* * *
Табиғат кезеңінде жеңіс те, жеңіліс те болмайды: қозғалыс болады.
* * *
Ғажайыптар - бұл табиғат заңдары аясында орындалатын атаулы оқиға күні емес; біздің бұлай ойлайтын себебіміз, шындығында табиғаттың заңын білмейтіндігіміз.
* * *
Құдайдан еншілеген біздердің ең ұлы сыйымыз - бұл өз шешімімізге билік құру.
* * *
Біз барлығымыз уақыт құмына батулымыз және мұны біздер еш тоқтата алмаймыз.
* * *
Махаббатты кез келген бағамен иемденуге тырыспаңыз, себебі, Махаббат бағасыз.
* * *
Өмір де, өлімнің де ақыр аяғы жоқ. Олар тек мәңгіліктің бір кезеңдері ғана.
* * *
Ең сұрапыл қару - бұл қан ізін қалдырмастан, өмірді құрдымға жіберетін бір ауыз сөз және оның жарасы ешуақытта тыртығын қалдырмайды екен.
Аударған: Әкежан Дәкен
Сурет: news.tts.lt
Л. Лига