- Негізгі бет
- Жаңалық
- «Өз еліңде демал,...
«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары белгілі болды
«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстанның Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында жыр бәйгесін ұйымдастырған болатын. Кеше мүшәйрадан іріктелген ақындар финалдық кезеңіне шақырылып, жеңімпаздар есімі белгілі болды.
Ақындарға қойылған негізгі талап бойынша, бірінші өлең еліміздің тәуелсіздігіне, жетістіктеріне арналса, екіншісі, «Алматы» шипажайы туралы болуы шарт болатын.
Сонымен, қазылар алқасының шешімен бірінші орынды белгілі ақын Серік Қалиев жеңіп алды. Ол «Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама (LUX) ұтып алды.
Екінші орынды («Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама STD) Қуаныш Қолқаев пен Олжас Қасым өзара бөлісті.
Жүлделі үшінші орын Айдана Сегізбаева, Бауыржан Әлқожа, Наурызбек Саршаевқа бұйырды. Олар «Алматы» шипажайына 7 күндік жолдамаға (STD) ие болды.
Рауан Қайдар мен Қазбек Байжұманға арнайы жүлдеге ие болып, 7 күнге стандарт нөмірде демалу мүмкіндігіне ие болды.
Ал, Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Тойлыбаев, Ұлмекен Лесбекова сынды қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Н. Айдархан