«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал» атты жыр мүшәйрасы жарияланды

«Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал» атты жыр мүшәйрасы жарияланды
Фото: Wallpapers13.com

Бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстанның Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр.

Жазба ақындардың респуб­ликалық жыр мүшәйрасының қорытындысы 2016 жылдың Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында шығарылады. Мүшәйраның мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, отандық туризмнің дамуына ықпал ету, «Алматы» шипажайының қол жеткізген табыстарын халыққа паш ету, дарынды ақындардың шығармашылық қабілетін ұштау болып табылады. Мүшәйраға қатысатын ақындардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Жыр сайысының талабы бойынша ақын­дар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлеңін жіберуі керек.

✔Бірінші өлең еліміздің тәуелсіздігіне, жетістіктеріне арналса, екіншісі, «Алматы» шипажайы туралы болуы шарт. Ақындар өлең­де­рін А4 формата ком­пьютерде теріп, 2 өлеңін ұйымдастырушыларға ұсынады. Шығармалар 15 шумақтан ас­пауы керек. Үміткерлердің шығармаларын қазылар ал­қасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі ақындар кіреді.

✔Бағалау талаптары бо­йын­­ша жеңімпаздар арнайы сыйлықпен марапатталады. Бірінші орын (біреу) «Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама LUX, Екінші орын - (біреу) «Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама STD, Үшінші орын (біреу) - «Алматы» шипажайына 7 күндік жолдама STD, ар­найы жүлде (үшеу) – ақшалай сыйлық.

✔Үміткерлер шығармаларын 2016 жылдың 1 желтоқсанға дейін «Алматы» шипажайының ұйымдастыру бөліміне құжаттарын тапсыру керек: Жеке куәлігінің көшірмесі, телефон нөмірі мен электронды адресін, шығармалары (2 дана). 

Мүшәйраға қатысушылар құжаттары мен шығармаларын төмендегі мекенжайға жіберулері тиіс: Алматы қаласы, А.Асқаров көшесі 42.

+7 701 799 9891, 

+7 771 878 88 88

almatyresortmice@mail.ru

Н. Айдархан