Тыйым салынған кітаптардан жасалған парфенон ашылды

Германияның Кассел қаласында әлем елдерінде тарихтың түрлі кезеңінде оқуға тыйым салынған 100 мың кітаптан салынған парфенон ашылды. Парфенон Халықаралық Documenta заманауи өнер көрмесінің шеңберінде салынып отыр. Жоба авторы — Марта Минухин есімді аргентиналық суретші.

Жобаға енген кітаптар қатарында Борис Пастернактың «Доктор Живаго», Ремарктың «Батыс майданда өзгеріс жоқ», Кафканың «Өзгеріс», Сервантестің «Дон Кихот», Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада», Кэрроллдың  «Алиса ғажайыптар әлемінде», Норман Мейлердің «Жалаңаштар мен өлілер» сынды және өзге де кітаптар бар.

Арт-нысан 1933 жылы нацистердің антигермандық авторлардың 2000 кітабын өртеген жерде орналасқан.