Гарри Поттер қайтып оралды

Әлемге танымал жазушы Джоан Роулинг дүние жүзі балаларының сүйікті кейіпкеріне айналған Гарри Поттер туралы 12 әңгіме жазғаны жайлы хабарлады.

Джоан жаңа әңгімелерін өзінің сайтында жариялап қойды. Алайда, оларды оқу үшін алдымен ағылшын тіліндегі жұмбақты шешу керек.

2007 жылы жазушы Гарри Поттердің жетінші кітабынан кейін енді ол жайлы жазбайтыны жайлы хабарлаған болатын. Алайда 2014 жылдың шілдесінде ересек Гарри жайлы әңгіме жазған еді.

12 желтоқсаннан бастап Джоан Роулингтің Гарри Поттер жайлы жазған 12 әңгімесі сайтта жарияланды. Гарри Поттердің оқырмандары енді ол жайлы 1 емес 12 әңгімені оқи алатын болды.

Сурет: vev.ru