Алматылық жас ақындар "Шабытқа" аттанды

2014 жылдың 3-8 қараша аралығында Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт - 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша конкурс өтеді. Бүгін байқауда бағын сынағалы отырған Алматы қаласының бір топ жас ақындары жолға шықты.

Байқауға қатысушы жастар арасында іріктеуден өткен 100 үміткердің арасында Алматылық бірнеше жас ақын бар. Атап айтқанда: Бекзат Смадияр, Әріби-Әрібек Өр Алтай, Жандарбек Жұмағұлов, Айбол Исламғалиев, Шерхан Талап, Тұрсынбек Башар, Ақан Марғұлан, Еламан Хасен, Мерген Тоқсанбай, Нұртас Тұрғанбек және Темірбек Махсұтхан.

Бұлардан бөлек поэзия мен прозада қалам тербеп жүрген жастар мен өнерлі өрендер де қатарға қосылды.

Байқау бағдарламасында жазылғандай, 6 қараша күні сағат 16:00-де "Алматы жырлайды" атты алматылық ақындардың қатысуымен поэзия кеші өтеді. Аталған ақындардың өнерімен сол кезде таныс бола аласыздар.

Сурет: massaget.kz