- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түскі ұйқы балаларға...
Түскі ұйқы балаларға пайдалы
Мамандар балалардың түстен кейін ұйықтағаны денсаулықтарына өте пайдалы екенін айтады. Олардың айтуынша, ұйқы мидың жұмысын жақсартады екен. Соған сәйкес жас балалардың оқу үлгерімі де жақсы болады. Түскі ұйқы 3-5 жастағы бүлдіршіндердің есте сақтау қабілетін арттырады.
Массачусет университетінің ғалымдары 40 балаға зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде олар ұйқының жағымды әсерлері келесі күнге дейін сақталатын көрген. Бұл дегеніңіз ұйқы еске түсіру және алған біліміңді есте сақтап қалу үшін маңызды деген сөз. Осылайша күндіз бір сағат ұйықтаған балалар ұйықтамаған топқа қарағанда ақпаратты 10%-ға артық еске түсіретін болған.
Миға жүргізілген зерттеу барысында ұйқы кезінде оқыту және жаңа ақпаратты интегралдауға жауап беретін ми аймақтары белсенді жұмыс істейтіні анықталды. Жалпы кішкентай балалар күніне шамамен 11-13 сағаттан ұйықтауы керек.
Онымен қоса, күндіз аз уақытқа көз шырымын алу ересектердің де ақыл-ой жұмыс қабілетін арттырады.
С. Ерсін