4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

Дұрыс ұйқы - денсаулықтың басты кепілі. Әдетте толыққанды ұйқыға 8 сағат қажет дейді. Бірақ көп жағдайда 8 сағаттық ұйқыға уақытымыз жетпейді. 4-5-ақ сағатта ұйқы қандыру үшін не істеу керек?

Әрине күнделікті 4-ақ сағат ұйықтау денсаулыққа зиян. Бірақ қажет бола қалғанда аз уақытта ұйқыны қандырып, күш жинау үшін белгілі бір ережелерді ұстану керек екен.

  • Ұйқыға батпас бұрын барлық уайым-қайғылардан арылу керек. Ойларыңызды тазалап, қиындықтар жайлы ұмытыңыз. Оларды ертеңге қалдырыңыз. Әркім өзінше демалады: әуен тыңдаңыз, жаныңызға жақындар жайлы ойланыңыз.
  • Ұйқыға бірнеше сағат қалғанға дейін тамақтанбау. Ағзаның күшін тамақты қортуға кетірмеңіз, сондай-ақ бұл артық салмақ жинамаудың бірден-бір жолы.
  • Ұйқыға арналған арнайы аксессуарларды қолдану. Хош иісті шөптерден тігілген жастық, көз жабатын байлауыштар ұйқыңыздың сапалы болуына көмектеседі.
  • Ұйықтар алдында жылы душ қабылдау. Бұл жай жуынудың ғана амалы емес, суға түсу арқылы күні бойы жиналған эмоцияларды жуып, ұйқыға артық ойларсыз жатасыз.
  • Жылы көрпемен жамылу. Адам жылыда суыққа қарағанда жақсырақ ұйқысы қанады.
  • Аз ұйықтап үйрену. Дені сау адам өзін 5 сағаттық ұйқыға үйрете алады екен. Ол үшін белгілі бір уақыт бойы аз ұйықтап, ерте тұруға дағдылану керек.
  • "Ұйқы күні". Аптасына бір күнде жақсылап ұйқыны қандырып алыңыз. Әрине ол 12 сағаттық ұйқы емес, 8-10 сағат болсын. Осы күні ұйқыңызды әбден қандырып, демалыңыз.
  • Түнгі сағат 12-ге дейін ұйқыға жатып үлгеріңіз. Осы уақытта адам ағзасы ұйқыға дайын болады. Тез ұйықтап, ұйқыңызды қандырып, ерте ояна аласыз. Ғалымдардың айтуынша, 12-ге дейінгі 1 сағат ұйқы 12-ден кейінгі 2 сағатқа тең.

Ұйқыға дұрыс ниеттеніп, ұйықтайтын жеріңізді жайғастыру арқылы тез уақытта ұйқыны қандырып үйрене аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ptglobal.net

С. А