- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тұмауды басқа адамға...
Тұмауды басқа адамға жұқтырмас үшін...
Күн суықтаған кезде адамдардың көпшілігі тұмаулата бастайды. Ауырған кезде немесе тұмау басталайын деп түшкіріп жүргенде үйде отыруға мүмкіндік болмаса, жұмыста не сабақта басқа адамдарға жұқтырмас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз.
1. Қолыңызды дұрыстап және жиі жуып үйреніңіз.
Қол жуу – жұқпаның берілу циклін бұзатын негізгі әдістің бірі. Қолды жылы немесе ыстық суға жуған жөн. Қолыңызды жай ғана суға шая салуға болмайды. Саусақ арасын және алақанның сырт жағын дұрыстап уқалаңыз. Жалпы қолды 15-20 секунд жуу керек.
2. Қолыңызды жуған бойда кептірмесеңіз, жуғанның пайдасы болмайтынын ұмытпаңыз.
Бактериялар мен вирустар ылғал жерді жақсы көреді, сондықтан егер қолыңызды бірден кептірмесеңіз, оларға қолайлы орта жасайсыз.
3. Қоғамдық орындардағы заттар қатты ластанатынын ескеріңіз.
Біз жиі ұстайтын есік тұтқасы, сөндіргіштер немесе басқа да жалпыға бірдей қолданыстағы заттар жұқпа тарататын орталық болып табылады. Сондықтан, ондай заттарды ауырған адам ұстаған соң, ол басқаларына да жылдам жұғады. Сондықтан, қолыңызды жиі жууды ұмытпаңыз немесе өзіңізбен бірге дезинфекциялаушы ылғал дәке ұстап жүріңіз.
4. Антисептикалық гель қолданыңыз.
Антисептикалық арнайы гельмен қолды дезинфекциялау жеңілге соғады. Себебі оны жай қолға жағып қана қоясыз. Алайда ол қолыңызды сабындап жуғанға жетпейтінін ескеріңіз.
5. Түшкіргіңіз келіп, бірақ қол астында қағаз майлық болмаса, киім жеңімен жабыңыз.
Бұл мұрныңыз бен аузыңызды жаппай түшкіргеннен жақсы. Әрине, киім жеңіне түшкіру жақсы идея емес, алайда киім жеңімен қолыңызбен секілді басқа заттарды ұстамайсыз. Негізі әрдайым өзіңізбен қағаз майлық ұстап жүрген жөн.
6. Егер түшкірсеңіз немесе жөтелсеңіз, үйде қалған жөн.
Біреулер түшкірмей немесе жөтелмей ауырады. Бірақ жөтеліп немесе түшкіріп жүрсеңіз, ауру айналаңыздағы адамдарға бірден жұғады. Себебі түшкіру мен жөтел вирусты жылдам таратады. Түшкіру және жөтелу кезінде қоршаған ортаға ұсақ жұқпалы тамшылар түседі, олар секунд ішінде бірнеше метрге таралады. Адам бір рет түшкіргенде, сондай тамшылар бөлмені толтырады. Ол тамшылар көбейе береді. Сондықтан мүмкіндік болса, жұмысқа бармай, үйде отырған дұрыс.
7. Егер үйде қалатын мүмкіндік болмаса, өзіңізді басқалардан барынша оқшаулаңыз.
Әдетте тұмау 1 аптадан 2 аптаға дейін созылады. Ондай ұзақ уақыт үйде отырғаныңыз, басшылыққа ұнамайтындығы анық. Сондықтан, жұмысқа шығу керек болады. Мұндай кезде басқа адамдардан уақытша алыстау жерде отырыңыз және жоғарыда айтылған кеңестерді орындаңыз.
8. Бактериядан айналадағы адамдарды қорғау үшін маска тағу жеткілікті деп ойламаңыз.
Маскаға келер болсақ, оның тиімділігі әлі де толықтай белгілі емес. Кей адамдар толықтай жазылғанша масканы тағып жүрмегендіктен де оның көмегі болмайды.
9. Суды көп мөлшерде ішіңіз.
Тұмау кезінде дұрыстап демалу керек және сұйықтықты көп мөлшерде ішуге тырысу керек.
10. Тұмаудан емделу жолын қарастырыңыз.
Тұмаудан дәрі ішкіңіз келсе, міндетті түрде дәрігермен ақылдасқан жөн. Сонымен қатар, тұмауды үйден түрлі әдістермен емдеуге болады.