- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тамаша ұйқы сыйлайтын...
Тамаша ұйқы сыйлайтын ыстық сусындар
Кейде кешке қарай жұмыстан қанша шаршап келсек те, көпке дейін ұйықтай алмай жататын кездер болады. Ондай күндерде ыстық сусындар ішуге кеңес береміз. Олар көңілді көтеріп қана қоймай, керемет ұйқы сыйлайды. Ендеше олардың тізімі мынадай:
1. Жалбыздан жасалған шай
Бұл шай денені босаңсытып, миды тыныштандырады. Сонымен қатар, жалбыздан жасалған шай жүрек айнып, лоқсығыңыз келген кезде де күшті көмектеседі. Мұндай шай түрі өте пайдалы әрі дәмді.
2. Жылы сүт
Жылы сүт – ерекше ұйықтататын сусын. Өйткені оның құрамында триптофан аминқышқылы мен кальций көп кездеседі. Ал триптофан серотониннің негізгі бөлшегі екенін жақсы білесіздер. Ол ағзадағы барлық зиянды зәр, уыттарды сыртқа шығарып, жанды тыныштандыруға әсер етеді.
3. Какао
Алғаш рет майя тайпасы какао-бобты үккіштен өткізіп, одан ыстық сусын дайындап ішкен. Алайда олар күннің қай мезгілінде ішкені белгісіз. Бірақ бұл сусын ұмытылмас ұйқы сыйлайтынына сеніміміз мол.
4. Түймедақтан жасалған шай
Түймедақ шайы әсіресе сүт өнімдерін ұнатпайтын адамдарға жақсы. Ұйықтардан жарты сағат бұрын аздап қант қосып ішіп алыңыз. Сонда кішкентай баладай боп алаңсыз ұйқыға батасыз.
5. Ыстық шоколад
Ыстық шоколадты көп адамдар какаомен шатастырады. Бірақ ол какаоға қарағанда әлдеқайда қою болады. Себебі оның құрамында какао майы мен ұнтағы бар. Ыстық шоколад – тамаша ұйқы сыйлайтын тәтті сусындардың бірі.
Ұйқыларыңыз тыныш болсын!
Ж. Исакаев