- Негізгі бет
- Денсаулық
- Өмірде нақты мақсаты...
Өмірде нақты мақсаты бар адамдар жүрек ауруына шалдықпайды
Фото:
medicfoto.ru
Өмірде нақты мақсаты бар азаматтар жүрек ауруларына шалдықпайды. АҚШ ғалымдары осындай тоқтамға келді.
Зерттеу жұмыстары 7 жыл бойы жүргізілген. Осы уақыт аралығында мамандар орта жасы 67-ден аспайтын 136 мың адамның денсаулығын жіті тексерістен өткізген.
Зерттеу барысында қатысушылардың 14,5 мыңы бақилық болған. Және олардың көбі жүрек талмасынан ажал құшқан көрінеді. Сондай-ақ бақылау барысында қатысушылар түрлі тестілеуден өткен.
Нәтижесінде нақты өмірлік мақсаты барлардың жүрек талмасынан қаза болуы небары 20 пайызды құрайтыны анықталды. Бұл туралы planetanovosti.com мәлімдеді.
О. Сансызбай