Лимонмен емдеуге болатын сырқаттар

Лимонмен емдеуге болатын сырқаттар

Лимонды әдетте тропикалық жеміс, яғни "жеңсік жеміс" деп білеміз. Дегенмен, оның адам денсаулығына пайдалы өзге де қасиеттері бар екен. Ондағы витаминдер мен пайдалы қоспалардың молдығы сонша, оны "әмбебап жеміс" деуге де келеді. Тамақ ауырғанда, іш қозғанда тіпті гепатитте лимонды естен шығармаңыз!

Тамақ ауруы (Ангина)

Тамақ қатты ашыған кезде бір лимонның жартысын қабығымен жеңіз. Ащы? Есесіне өте пайдалы! Сонымен қатар, лимон шырынымен тамақты шаюға болады. Оны сумен (1 : 3 пропорциясында) араластырып, бір күн бойы әр сағат сайын жеңіл шайып отырасыз.

Бронхит

Егер бронхитке дейін жетсеңіз тазаланған ақжелкектің 50 грамын 2-3 дана лимонның шырынымен араластырасыз. Сосын шәй қасықпен күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Сонымен қатар, сарымсақ пен лимон қоспасы да асқынған бронхиттің алдын алады. Ол үшін 5 лимонды қабығымен және 4 бүтін сарымсақты майдалап, араластырасыз. Содан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы тиіс. Дайын болған дүниені күніне үш рет тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек.

Лоқсу

Лоқсу немесе қыжыл маза бермесе лимонның жартысын сығып, алынған шырынға жарты шәй қасық сода қосасыз.  Арнайы қоспаны бірнеше рет қабылдағаннан кейін лоқсу да, қыжыл да артта қалады.

Грипп

Шәйға дәрілік шөптермен қоса лимонды да салып ішіңіз. Алдымен суға қырмызы, жалбыз, шәлім (шалфей) мен жолжелкендері салып қайнату керек. Осындай әмбебап қоспа ағзадағы кальцийдің мөлшерін теңгереді.  Ал кальций дене температурасының төмендеуіне таптырмас ем болады.

Атеросклероз

Ас қасық қарағайдың тұралған қылқан жапырағына бір стақан қайнаған су қосып, 30-60 минут күту керек. Ол дайын болғаннан кейін бір лимонның сықпасын қосыңыз. Сосын күніне үш мезгіл тамақтан бір сағат бұрын, 15-20 күн бойы әр кез бір стақаннан ішіп тұрыңыз.



Гепатит

Бұл аурудың алдын алуда лимон шырынын немесе оның сумен қосындысын ұдайы ішкен пайдалы. Ол үшін лимонды қабығынан аршып, қайнаған су қосыңыз. Сосын 12 сағат салқын жерде тұрғаннан кейін күнделікті ішіп тұру керек.

Гипотония

Артериалды қан қысымы төмендеген кезде 5-6 лимонды еттурағыштан өткізіңіз. Дайын болған лимонды пюреге бадан жапырағының тұралғанын (100 г) салыңыз. Сосын оны қайнаған суға қосып, 36 сағат мұздатқышта сақтаңыз. Ал содан кейін жарты килограмм бал араластырыңыз. Барлығын жақсылап араластырғаннан кейін тағы 25 сағатқа мұздатқышқа қоясыз. Соңсоң, күнде үш мезгіл тамақтан 30 минут бұрын қабылдаңыз. Жазылу мерзімі үш апта.

Тағы да оқи отырыңыз: 

Зәйтүн майы: пайдасы, түрлері, сақтау

Тұтықпаға ауру ретінде қарауға бола ма?

Бауырды зақымдайтын нашар тұрмыс әдеттері

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.healthambition.com

Ж. Өрісбай