Коронавирусқа шалдыққандарда өмір бойы иммунитет қалыптаса ма? 

COVID-19-бен ауырған адамдар тұрақты иммунитетті дамытады, бұл пациентті бірнеше онжыл бойы қайта коронавирус жұқтырудан сақтай алады. Науқас аурудың салыстырмалы түрде жеңіл түрін бастан өткерсе де алғашқыдай ауырмайды. Бұл туралы bbc хабарлады.

Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Мұндай күтпеген тұжырымға екі америкалық ғалымның зерттеулерінен кейін бір уақытта қол жеткізілді. Біріншісі, осы аптада Naturе-де жарияланған Сент-Луистегі Вашингтон университетінің (Миссури) иммунологының зерттеуі. Екіншісін Нью-Йорктегі Рокфеллер университетінің молекулалық биология зертханасының командасы жазды. Бұл мақала ғылыми қауымдастық тарапынан әлі қаралмаған және осы уақытқа дейін алдын ала басып шығарылған форматта жарияланған.

Кейінгі уақытқа дейін коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет ұзаққа созылмайды деп есептелді. Бұл тұжырым бойынша ғалымдар көптеген зерттеу жүргізді. Зерттеулер көрсеткендей, науқастардың көпшілігінің қанындағы ерекше антиденелердің концентрациясы қалпына келгеннен соң бірнеше айдан кейін күрт төмендеген.

Көптеген сарапшылар тиімді иммундық қорғаныс шамамен 1,5-2 жылға созылады деп есептейді. Демек, жаңа тексерулердің нәтижелері олар үшін жағымды жаңалық болады.

BBC-ге жауап беретін тәуелсіз сарапшылар жаңалықтарға бей-жай қарамай, ерте қуанбауға кеңес береді. Өмірлік иммунитет – шындыққа жақын болса да, әзірге теория болып қала береді.

Жаудың жүзін есте сақтау

Спецификалық иммунитет, яғни, белгілі бір аурудан қорғануға қандағы антиденелер ғана емес, сонымен қатар Т-жады жасушалары да жауап береді.

Лимфоциттер жаңа, белгісіз инфекцияға тап болғаннан кейін зиянды вирусты есінде сақтап қалады. Ағза осы вирусты қайта жұқтырған кезде қажетті формада бейтараптандыратын антиденелерді шығара бастайды және тез арада иммундық түрде жауап береді.

Сент-Луистегі Вашингтон Университетінің Медицина мектебінің ғалымдары бір жылға жуық коронавирустың жеңіл түрін бастан өткерген 77 пациенттің (олардың тек 6-уы ауруханаға түскен) қанын және өзгеруін бақылап отырған.

Осы кезеңнің барлығында дерлік пациентте аурумен күресуге көмектесетін қорғаныш антиденелердің концентрациясы төмендей бастаған. Антиделелер алдымен өте тез (короновирустан айыққаннан соң төрт айдан кейін), содан кейін баяу төмендеген.

Алайда зерттеудің негізгі авторы, иммунология профессоры Али Эллебеди антиденелердің деңгейі бір жерге келіп, тегіс болған кезде төмендеуін тоқтатқанын айтты. Коронавирус туралы ақпаратты сақтайтын жад жасушалары белсенді болып қалады және ағзаны қорғау үшін аз болса да иммунитет бөлуін тоқтатпайды.

"Біз ауру пациенттерде белгілі болғаннан кейін 11 айдан соң [Sars-Cov-2 вирусына қарсы] антиденелер шығаратын жасушаларды анықтадық. Бұл жасушалар пациенттің денесінде өмір сүруін жалғастырады және ол қажетті антиденелер шығарады. Демек, иммунитет ұзаққа созылады", – дейді Али Эллебеди.

Қарапайым қан анализінен басқа, ғалымдар зерттеу үшін жиырма пациенттен ми тіндерінің сынамаларын алды. Ковидке қарсы антиденелер шығаруға арналған арнайы Т-лимфоциттер 19 сынаманың 15-інде анықталды.

Ал коронавирус жұқтырмаған адамдардың сынамаларынан мұндай антидене анықталмаған.

"Шексіз мерзім"

"Егер науқас коронавирустың жеңіл түрін бастан өткізсе, ауырғаннан кейін 2-3 аптадан соң жүргізілген сынақтар оның ағзасында вирустың бар екенін көрсетпейді", – дейді профессор Али Эллебеди.

"Сүйек кемігінің тінінде олар ұйықтап жатады және антиденелердің белгілі бір бөлігін шығаруды жалғастырады. Олар мұны шексіз жасай береді", – деп түсіндірді профессор.

Nature журналындағы мақала авторларының пікірінше, вакцинация нәтижесінде біз ағзамызда осындай қорғасын жүйесін қалыптастыра аламыз. Коронавирус симптомсыз ауырған адамдар да осындай иммунитетке ие болады.

Бірақ, ковидтің ауыр түрімен ауырған науқастарда мұндай антиденелер болмауы мүмкін. Себебі ондай науқастарда инфекцияға гипертрофияланған реакция аутоиммунды ауруға айналады (оны цитокоин дауылы деп те атайды). Осының салдарынан дене әлсіреп ұзақ мерзімді иммунитеттің қалыптасуына жол бермейді.


Зерттеуге қатысы жоқ тәуелсіз сарапшылар мақала авторларымен келісіп, бірақ нақты қорытынды жасауға асықпауға шақырды.

Лондон Императорлық колледжінің иммунология профессоры Дэнни Альтманның айтуынша, америкалық ғалымдардың жұмысындағы иммундық жады – бұл құрылымсыз және күрделі мәселе екенінін естен шығармаған жөн.

"Бір жағынан, біз қан сарысуындағы антиденелер деңгейінің тез төмендеуін көріп, иммундық қорғаныс ұзаққа созылмайды деп ойлауға мәжбүрміз. Екінші жағынан, осы антиденелерді шығаруға дайындалған жасушалар ұзақ уақыт бойы тіршілік етеді және қажет болған кезде қайтадан іске қосалады", – дейді ол.

Альтманның Reading University фармация мектебінің әріптесі, профессор Александр Эдвардс бұл мақалаға қарсы оптимистік көзқараста емес. Оның айтуынша, иммундық жүйенің тиімділігі антиденелердің санына және оларды шығаратын жасушалардың болуына ғана емес, вирустың өзіне де байланысты. Ақыр соңында, вирус мутацияға ұшырайды.

"Өкініштісі, иммундық жүйенің жасушаларын өлшеу ешқандай қайталанудың болатынын дәл болжауға мүмкіндік бермейді. Вирусты қайтадан жұқтырудың қашан және қалай болатынын болжау да қиын", – дейді профессор Эдвардс.

AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

"Әрине, иммунологтардың деректері маңызды және бұл керемет жаңалық, бірақ бұл эпидемияның қалай дамитыны туралы сұрақтарымызға жауап бермейді. Бұл сұраққа сауығып кеткен және әлі науқас емес адамдарды бақылауға негізделген эпидемиологиялық зерттеулер ғана жауап бере алады. Бұл зерттеулер қайталану мүмкіндігі бар екенін көрсетеді", – дейді ол.