- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирусқа байланысты Қазақстан...
Коронавирусқа байланысты Қазақстан азаматтарына 26 елге баруға тыйым салынды
Коронавирусқа байланысты Қазақстан азаматтарына баруға кеңес берілмейтін елдер аталды.
Қазақстандықтарға 26 елге алынған билеттерді қайта өткізу ұсынылды. Себебі, бұл мемлекеттерде коронавирус инфекциясы тіркелген. Шенеуніктердің айтуынша, жақын арада тек Оңтүстік Кореяның өзіне еліміздің 9 мыңға жуық азаматы ұшуы керек. Республика бас дәрігерінің айтуынша, авиакомпаниялар келісімге сәйкес тапсырылған билеттердің ақшасын қайтарады.
AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар
Қазақстандықтарға Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд, Вьетнам, Германия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Египет, жалпы алғанда, коронавирустық инфекциясы анықталған 26 елге бармауға кеңес беріледі. Ал Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бірақ елорданың бас санитарлық дәрігерімен кездесуде журналистер бұған күмән келтірген. Мұны олар Қазақстанның Қытаймен ең ұзын шекарасының бірі болуымен негіздеген.
Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі күшейту шаралары кезінде ешқандай қауіпті жағдай анықталған жоқ деп мәлімдеді.
“Қытай 31 желтоқсанда коронавирус вирусы таралғанын мәлімдеді, ал біз 6 қаңтардан бастап шаралар қабылдадық, шекарадағы бақылау мен санитарлық қызметті күшейттік. Шекарада өзім болдым. Ешкім өткен жоқ, - деді Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Коронавирус туралы соңғы мәліметтер
Токиодан қайтқан авиарейсте Қазақстанның 4 азаматы болған: 2 әйел және 8 және 12 жасар екі бала, олар 5-19 ақпан күндері карантиндеге жабылған жапониялық Diamond Princess кемесінің бортында болған. Денсаулық сақтау өкілдерінің бұл қадамы журналистерге түсініксіз. Себебі, сол рейспен ұшқан жолаушыларға олардың круиз туристерімен бірге келе жатқаны туралы ескерту айтылмаған. Нәтижесінде, 20 адам мен экипаждың 8 мүшесі карантинге орналастырылды.
Вирус анықталған Diamond Princess лайнері
“Лайнер бос келген. Ондағы жолаушыларды бөлек алып кетіп 14 күн карантинге жатқызған. Біз сол 4 азаматпен бір ұшақта болдық, олар арнайы сынақтардан өтті. Сынамалардан вирус белгілері табылмаса да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды ауруханаға жатқыздық”, - дейді Жандарбек Бекшин.
Бүгін инфекция тіркелген кемеден 4 Қазақстан азаматын алып келе жатқанын ескертпеген авиакомпания өз клиенттерінен кешірім сұрады. Жыл басынан бері Қазақстанға коронавирус тіркелген елдерден 24 467 адам келген. Қазір соңғы 14 күнде келген 138 адам ауруханаға жатқызылған және олармен байланыста болған 36 адам медициналық бақылауда. Қостанай облысында тек 4 адам бақылауда қалады. Жыл басында олардың саны 159 еді.
Коронавирус туралы алғаш ескерткен дәрігер қайтыс болды
Айта кетейік, Қытайдан басталып әлемге тараған коронавирустың жаңа түрінен осы уақытқа дейін 2500-ден аса адам қайтыс болған. Ал бұл аурудан сауығып шыққандар саны 25 мыңға жуық. Эпидемия басталғалы Қытайда 49 824 адам жаңа вирусты жұқтырғаны мәлім болған.
SCMP есептеуі бойынша, әлемде 79 мыңнаннан аа адам жаңа вирусты жұқтырған. Коронавирусты ең көп жұқтырғандар Қытайдан басқа Жапония, Оңтүстік Корея және Италияда тіркелген. Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Қытайдан өзге Иранда тіркелген (8 адам). Бұдан басқа Оңтүстік Кореяда 7 адам, Жапонияда 4, Италияда 3 адам аталған вирустан қайтыс болған.