- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көңіл-күйді жақсартатын жаттығу...
Көңіл-күйді жақсартатын жаттығу
Психолог мамандардың айтуы бойынша, жиі көңіл-күйдің болмауы, тез шаршап қалу қатерлі дерттің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан да адам өз бойындағы мұндай белгілерге назар аудармай жүруге болмайды. Адамның көңіл-күйінің төмендеуі мынадай 3 себептің әсерінен болады: дененің шаршауы, психологиялық шаршау және түрлі жаңалықтардың әсерінен жүйке жүйесінің шаршауы. Ал көңіл-күйді қалай жақсартуға болады? Оның түрлі тәсілдері бар. Соның бірі - йогалық жаттығу жасау. Назарарыңызға көңіл-күйді жақсартатын йогалық жаттығу кешенін ұсынамыз.
1. Өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз да тізені бүгіп, аяқты айқастырыңыз. Қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарды біріктіріңіз. Осы алыпта отырып, 1-2 минут терең тыныс алыңыз.
2. Еденге шалқалап, ыңғайлы етіп жатыңыз. Ал қолды түзу дене бойымен бірдей етіп қойып, алақанмен еденді ұстап тұрады. Содан кейін аяқ саусақтарын алға қарай созып, тереі тыныс алады да екі аяқты бірдей жо,ғары көтереді. Енді демді шығарып, қолмен белді ұстап тұрып аяқты одан әрі барынша жоғарылатады. Осы қалыппен 15 секунд тұрады. Көрсетілген уақыт өткен соң, денені жаймен босатып, бастапқы қалыпқа келеді. Біраз уақыт демалып, жаттығуды 4 рет қайталайды.
3. Шалқалап жатып, аяқты біріктіріп, тізені бүгеді. Қолды созып, алақанмен еденді ұстайды. Енді жоғары қарап жатып терең тыныс алып демалады. Содан соң басты көтеріп, артқа қарай шалқайтып 8 секунд тұрады. Көрсетілген уақыт өткен соң қайта бастапқы қалыпқа келеді. Денені босаңсытып, омыртқаның түзу жатқнын қадағалайды. Жаттығу 4 рет жасалады.
4. Еденге етпеттеп жатып, аяқты түзу созып, қолды дене бойымен бірдей қойып созып, ал маңдайды еденге тигізеді. Енді тізені бүгіп, екі аяқты екі қолмен ұстап тартады да иекті еденге тигізеді. Сосын терең тыныс алып, иекті еденге тигізген тигізген күйі аяқты кері қарай тартады. Осы қалыппен 8 секунд тұрады. Енді демді шығарып, денені бос жібереді. Терең демалып, жаттыңғуды қайта жасайды. 4-5 қайталанады.
5. Жаттығу соңында еденге ыңғайлап отырып, тізені бүгіп аяқты айқастырады. Екі қолды иықпен бірдей етіп көтеріп, бас бармақ пен сұқ саусақты біріктіреді. Содан соң терең тыныс алып, 1-2 секундтан соң демді шығарып, жаттығуды 7-8 рет қайталайды.
О. Сансызбай