- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қарбызды қай кезде...
Қарбызды қай кезде нанмен қосып жеген пайдалы?
Кейде қарбызды қарын тойсын деп нанмен қосып жеп жататын әдетіміз бар. Бұл дұрыс па?
Мамандардың айтуынша, бұл дұрыс көрінеді. Әсіресе, қан қысымы бар адамдарға қарбызды нанмен қосып жеген пайдалырақ екен. Өйткені нанмен шыланған қарбыздың қанты азайып, қан қысымын көтеруге әсерін тигізбейді.
Қарбызда қант көп болатыны белгілі. Қантты азайтқысы келген адам болса да, қарбызды нанмен жегені жөн көрінеді. Әрі тамақтан кейін, аз-аздап жеген абзал.
Мамандардың айтуынша, жүрегі қатты ауыратын, бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарға қарбызды мүлде жеуге болмайды.
Сондай-ақ қарбыздың 90-95 пайызы судан тұратындықтан, ағзада су деңгейін бақылауда, қадағалауда ұстау қажет жағдайлар болса, мұндай жағдайда да қарбыз жемеген жөн көрінеді.
Қарбызды қалай таңдау керек: Нитраты жоғын, көшеден әлде базардан ба?
Қ. Слямбек