Қарбызды қалай таңдау керек: Нитраты жоғын, көшеден әлде базардан ба?

Қарбызды қалай таңдау керек: Нитраты жоғын, көшеден әлде базардан ба?
Фото: kleo.ru

Қарбыз жеу маусымы басталып кетті. Көше мен дүкенде қарбыздың түрі мен түсі көп-ақ. Бірақ оның ішінен дәмдісі, ең бастысы пайдалысын, нитратсыз өскенін қалай танып, қалай таңдап аламыз – бізге сол маңызды.

Ендеше қарбызды қалай дұрыс таңдаған дұрыс, соған деректер іздеп көрейік.

Мамандардың айтуынша, дәл тамыздың ортасында сөреге шыққан қарбыздарда нитрат аз болады. Ал маусымдағы қарбыздар нитратпен өсірілгендер. Жақсы қарбыздың сырты жылтыр, жолағы қанық жасыл және ақшыл, қабығы езілмеген, зақымданбаған болады. Жақсы қарбыздың пішіні шар тәріздес, сабағы сарғыш және қураған, шамамен 6-10 келі аралығында болады. Егер қарбызда сарғыш дақ көп босла, күн түспей, жерде жатқанын білдіреді. Күн сәулесі мен жылудың жетіспеуінен қарбыз дәмсіз болуы мүмкін.

Қарбыздың астыңғы жағы, түйін жағы құрғақ болуы тиіс. Тоқылдатқан кезде, сылдырлаған дыбыс шыққаны жақсы.

Қарбызды барынша көшеден емес, дүкеннен, супермаркет пен ірі сауда орталықтарынан алуға тырысу қажет. Өйткені ондай дүкендер қарбыздың құрамындағы нитрат пен пестицидтің көлемін міндетті түрде тексереді. Сыртында жазылып тұруы да мүмкін. Нитраттың көлемі 1 келіде 60 грамнан аспауы тиіс.

Көшеде, траста тұрған қарбызды алуға болмайды. Өйткені көліктің түтіні қарбыздың қабығына қатып тұрып қалады да, адамды улануға әкелуі мүмкін.

Қарбыздың жақсы-жаманын анықтаудың ең оңай жолы мынау: қарбыздың бір түйірін кесіп, суға салып қойыңыз да 10-15 минут күтіңіз. Егер су қызарып не алқызыл болып кетсе, қарбыздың нашар болғаны. Бұған синтетикалық бояуыш қосылды деген сөз.

Қ. Слямбек