- Негізгі бет
- Денсаулық
- Холестерин көбейіп кеткенін...
Холестерин көбейіп кеткенін адам иісіне қарап-ақ анықтауға болады
Көбіміз қанта холестерин көбейіп кеткенін сезбей жүре береміз. Содан жүрек-қан ауруларына шалдығуымыз мүмкін. Инфаркт пен инсульттің себебі де осы холестериннің көптігінен.
Холестерин майлы, тез дайындалатын тағамдарды көп жеуден, қимыл-қозғалыстың жоқтығынан пайда болады. Холестерин дегеніміз – қан жасушаларын жасауға, көбейтуге қатысатын зат. Яғни, адамға ең керекті заттардың бірі. Бірақ холестериннің "жақсысы" және "жаманы" болады. Ауруға шалдықтыратыны – осы "жаманы".
Адам холестериннің көбейіп кеткенін өзі де сезбейді. Содан қан қысымы, қан атеросклерозы сынды дерттерге әкелуі мүмкін.
Бірақ мамандардың айтуынша, холестеринді анықтаудың оңай жолдары бар. Соның бірі – табан мен саусақтың түбінен шыққан иіс.
Холестерин көбейіп кеткен кезде, қан қоюлап, дененің ең түкпір жерлеріне – аяқ, саусаққа бармай қалуы мүмкін. Содан аяқ пен қол ауырады, ісіп кетеді. Башпай мен саусақтың ұшынан ірің пайда болуы мүмкін. Жағымсыз иіс те осы іріңнен шығады. Егер башпайдан шуаштың емес, осындай іріңнің иісі шықса, мамандардың айтуынша, бұл – холестерин көбейіп кеткенін білдіретін алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін.
Беттегі дақ: Қанда холестерин көп екенін білдіретін басты белгі
Қ. Слямбек