Беттегі дақ: Қанда холестерин көп екенін білдіретін басты белгі

Беттегі дақ: Қанда холестерин көп екенін білдіретін басты белгі
Фото: glazexpert.ru

Қанында холестерин көбейіп кеткен адамның бет-жүзі өзгереді. Ақ дақ пен дөңес төмпешіктер пайда болады. Осы басты екі белгі холестериннің көбейіп бара жатқанын білдіреді дейді Express басылымына зерттеу жариялаған ғалымдар.

Холестериннің көбейгенін білдіретін бірінші белгі – бұл беттің майланып, майлы бұдырмаққа ұқсас ісіктің пайда болуы (ксантома). Мұндай ісік қас пен көздің арасынан шығады. Кейбірі айлап шығуы мүмкін.

Екіншісі белгісі – қасаң қабақтың үстіне шыққан ақ-сұр, іріңге ұқсас жара. Мұны мүйіз доға деп те атасақ болады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл белгілер медицинада гипохолестеринемия аталатын дерттің анық белгілері. Мұндай ауру адам ағзасында холестерин көбейіп кеткенде басталады. Бауыр ағзаға түскен майды өңдей алмай қиналады да, бауырдың ауырған, жапа шеккен белгісі бет-әлпетке шығады.

Ал адам ағзасында холестериннің көбейіп кетуіне майлы ас себеп болады. Физикалық белсенділігі төмен адамдар да холестериннен жапа шегеді.

Оқи отырыңыз:

Қанда холестерин көбейіп кетсе не істеу керек?

Қ. Слямбек