- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дертіңізге дауа болатын...
Дертіңізге дауа болатын дәндер
1. Сәбіз
Сәбіз дәнін ұнтақтап тамаққа дейін жеп алыңыз. Ол бүйректегі тастар мен құмдардан құтылуға көмектеседі.
2. Зире
Бронх қабынуы мен өкпенің талаурауы кезінде 0,5 шай қасық зире дәнін тұтыныңыз.
3. Ақжелкен
Жүрегіңіздің бұлшықеттері дұрыс жұмыс істемейтін (ор. сердечная недостаточность) болса, күніне 2-3 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын 0,5 грамм ақжелкен дәнін ұнтақтап жеңіз. Ол денеңіздегі ісіктерді кетіруге де көмектеседі.
4. Асқабақ
Простатит кезінде күніне 2-3 рет 1 ас қасық қуырылмаған асқабақ дәнін жесеңіз, ауруыңыздан құтылуыңыз мүмкін.
5. Аскөк
1 шай қасық аскөк дәнін 200 мл қайнаған сумен араластырып, тұнба жасап ішіңіз. Мұндай тұнба асқазан мен ішек ауруларын, артрозды емдеуге көмектеседі. Сонымен қатар ас қорыту жолдарын жақсартады.
6. Фенхель
Өт қабына тас байланып, тоқішектің талаурауы кезінде 1 шай қасық фенхель дәніне 200 мл қайнаған су құйып ішуді ұмытпаңыз.
7. Қауын
Қауын дәні қан құрамындағы қант мөлшерін төмендетеді. Оны кофеұнтақтағышқа салып ұнтақтап, 1 стақан қайнаған су құйып және 1 ас қасық ұн қосып 1 сағатқа қалдырыңыз. Дайын болған соң күніне 3 рет тамақ ішерден бұрын ішіңіз.
8. Қарбыз
Қызуыңыз көтеріліп кетсе, 1 ас қасық ұнтақталған қарбыз дәнін 2-4 ас қасық салқын сумен араластырып, әр 2-3 сағат сайын тұтыныңыз.
9. Алма
Күніне 4-5 алма дәнін жеуді әдетке айналдырыңыз. Оның сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте көп.
Ж. Исакаев