- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер кімге күріш...
Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты
Диетолог Ольга Кораблева күріштің денсаулық үшін қаншалықты пайдалы екенін және оны кімге жеуге болмайтынын айтты. Дәрігер қант диабеті, семіздік және асқазан-ішек аурулары бар адам бұл өнімді аабайлап жеу керек екенін түсіндірді.
Маман күріш диеталық өнім екенін еске салады. Қайнатылған күріштің 100 граммында небәрі 110-120 калория бар. Күрделі көмірсулар сізді ұзақ уақыт қанықтырады және артық тамақтанудан сақтайды. Себебі күрделі көмірсу адам ағзасында қорытылмайды, бірақ ішек жұмысын жақсартады, пайдалы бактериялардың дамуына жағдай жасайды. Күріштің 100 граммында 2,6 грамм ғана май бар.
"Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай. Дәнді дақыл адам ағзасына жақсы сіңіп, токсиндерді кетіреді", - дейді Ольга Кораблева.
Күріш жеңіл қорытылады және диарея мен іш кебу бірге жүретін асқазан-ішек аурулары үшін пайдалы. Жедел гастрит кезінде суға қайнатылған сұйық күріш ботқасы ұсынылады. Диетологтың айтуынша, егер сізде іш қату үрдісі болса, күрішті аптасына екі реттен артық жеуге болмайды.
"Артық салмақтан зардап шегетін адамдар күріш жемегені жөн. Бұл ішекке қатысты мәселелерді арттырады. Қант диабетімен ауыратындарға да күріш жеуге болмайды. Дені сау адам күніне 200 грамм қайнатылған күріш жесе болады", - дейді Ольга Кораблева.
Бұған дейін диетолог маман "құрты бар алманы жеуге бола ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Т. Раушанұлы