Құрты бар алманы жеуге бола ма – маман жауабы

Құрты бар алманы жеуге бола ма – маман жауабы

Ресейлік диетолог Римма Мойсенко алманы қалай таңдау және қанша жеуге болатыны туралы кеңес берді.

Дәрігер ұйқы безі мен ішек аурулары бар адамдарға жаңа піскен алманы жеуге болмайтынын айтты. Ондай адамдар алманы қайнатып жегені дұрыс. Жалпы, алма қайнатылған күйінде де өте пайдалы.

"Егер ішегінде ешқандай ауруы жоқ, сау адам туралы айтатын болсақ, ондай адамға алманың кез келген түрі  (қызыл, жасыл және сары алма) пайдалы. Ал қарттар  фруктозасы ең аз алманы таңдағаны дұрыс, яғни егде адамдарға тәтті және қышқыл емес алма пайдалы. Әдетте ондай алманың түсі сары-жасыл болып келеді",- деп түсіндірді Римма Мойсенко.

Дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшері алманың сорты мен түсіне байланысты емес. Алма адам ағзасына пайдалы, ас қорыту жүйесіне шамадан тыс салмақ түсірмейді. Бірақ сонда да оны уақытымен жеген жөн. Әдетте оны таңертең, түске дейін, түскі астан кешіктірмей жеген дұрыс дейді диетолог.

Күніне 100 грамм алма жеу жеткілікті. Күніне көп дегенде 300 грамм жеуге болады. Тым көп алма жеу қажет емес. Себебі алма шырыны тәбетті төмендетеді. 

"Алма қабығында көптеген пайдалы элемент бар. Сондықтан оның қабығын ашып тастаудың қажеті жоқ,  жақсылап жуу жеткілікті. Құрт немесе құс тесіп тастаған  алмадан қорықпаңыз. Егер алмада құрт болса, бұл алма сау дегенді, түрлі нитраттар мен пестицидтермен шамадан дәріленбегенін білдіреді. Зақымдалған бөлікті кесіп алып тастап, қалғанын жеу керек", -  дейді диетолог. 

Бұған дейін диетолог қарбызды кімдерге жеуге болмайтынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы