Зерттеу: Бесік жыры баланың денсаулығын жақсартады

Әлем халықтарының түгелінде дерлік бесік жыры бар. Әрі әуені де ұқсас. Археологиялық деректерге жүгінсек, бесік жыры осыдан 4 мың жыл бұрын пайда болған екен. Дәл сол дәуірден өмір сүрген саналы адам баласын бесік жырымен бөбектеп, ән айтып ұйықтатқан екен.

Сәби бесік жырын естісе болды ұйқыға кетеді. Жырдың үні шықса болды, жылағаны да басылады. Ғалымдардың мұның сырын аша алмай ұзақ жүргені анық.

Өткен ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы зерттеулерде бесік жырының мелодиясы музыкадағы алты үлестік нотамен бірдей әрі ырғағы да соған сәйкес келеді, мұндай әуен балаға жағымды әсер береді деп тұжырымдаған. Тағы бір қызығы – алты үлестік нотаның үні жатырдағы дыбыстың үнімен бірдей екен. Сәбиге бесік жыры жатыр дыбысын еске салады, содан тынышталады десті.

Кейінгі зерттеулерден бесік жырының баланы тыныштандырғаннан бөлек, оның денсаулығы мен жалпы физиологиялық жай-күйіне оң әсер ететін құдіреті бары анықталды.

Нақтырақ айтсақ, 2010 жылғы мына бір зерттеуден бесік жырының баланың тыныс алуы мен ағзадағы оттегі деңгейін көтеретін белгілі болды. Ғалымдар шала туылған сәбилерді бөлек бөлмеге жинап, кассетадан бесік жырын тыңдатқан екен. Сонда сәбилердің тыныс алу жолы жақсарғаны белгілі болады.

Дәл осы зерттеу 2013 жылы да жүргізілген. Бірақ бұл жолы бесік жырын ананың өзі айтқан екен. Сонда ғалымдар «ана айтқан бесік жырдың пайдасы орасан» деген қорытындыға келеді. Өйткені өз анасынан бесік жырын естіген шала сәбилердің тыныс алуымен бірге жүрек жұмысы да жақсарып, адами ортаға тез бейімделе бастаған. Сәбилердің күйзеліс деңгейі түсіп, оттегі алмасымы күшейген.

Бір қызығы бесік жырының – ананың өз денсаулығына да пайдалы екен.