Маман: "Ыстық күнде сыра ішпеген жөн"

Маман: "Ыстық күнде сыра ішпеген жөн"

Ресейлік эндокринолог және медицина ғылымдарының кандидаты Зухра Павлова аптап ыстықта сыра ішпеудің екі себебін атады.

Дәрігер салқын сыра – жаздың қатты аптап ыстығында шөлді қандырудың тамаша тәсілі деген әсер жалған деп санайды. Зухра Павлова сыраның салдарынан ағзадағы судың таралуы бұзылып, зат алмасу процестері нашарлайды деп түсіндірді.

"Теориялық тұрғыдан сыраның орнына ыстық ауа райында басқа кез келген салқын сусын ішіп ағзаны  қанағаттандыруға болады. Ал сыра – бұл концентрацияланған сусын, ол жасушалардағы сұйықтықты азайтып, жасушааралық кеңістіктегі сұйықтықты көбейтеді. Яғни, сырадан метаболизм процесі нашарлайды", - деп түсіндірді маман Sputnik радиосына берген сұхбатында.


Эндокринолог ыстық маусымда сыра көп ішетін адамда семіздік ауруы пайда болатынын айтты.

"Сыра – калориясы өте көп сусын. Оны ішкен адам мас болып қана қоймай, бұл сусыннан ағза колорияның үлкен бөлігін алады. Бірақ сыра сұйық болғандықтан асқазаннан тез шығады, сондықтан бос қалған асқазан тағы тамақ сұрайды. Яғни сыра ішкен адам семіздік ауруына шалдығады", - деді Зухра Павлова.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер қауымының не үшін сыра ішуіне болмайтынын жазған болатынбыз.

Т. Раушанұлы