Жаспөспірімдер жеп жүрген тағамдарға зерттеу жасалды

Ультра өңделген тағамдар жасөспірімнің денсаулығына зиян екені айтылып жүр. Мұндай тағам жүрек және қан тамыры ауруларына әкелетінін Америка кардиология қауымдастығының мамандары тағы бір дәлелдеді.

Зерттеуге 5500 жасөспірім қатысты. Ғалымдар жөсөспірімнің тамақ рационын басшылыққа алып, жүрегі мен қан айналымын тексерген. Физикалық белсенділік, салмақ, артериалды қан қысымы мен қандағы қантын, холестеринін бақылап көрген.

Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімнің көбі күнделікті калорияның 66 пайызын ультра өңделген тағамдардан алады. Мұндай тағамды көп тұтынған сайын жасөспірімнің жүрек және қан ауруына шалдығуы қауіпі 5 пайызға артып отырады. Мұның арты жүрек ауруына әкеледі дегенді айтады ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, қазір жасөспірімдер зиянды тағамды өте көп тұтынады.

"Пайдалы тағамды аз жейді. Жеміс-жидек пен көкөніс, балық пен жаңғақ өнімдері, майы аз тағамдар – мұның бәрі жетіліп келе жатқан балаға ең қажетті, құндылығы жоғары тағамдар", - дейді зерттеу тобының мүшесі, доцент Аманда Перак (Amanda Marma Perak).

Ультра өңделген тағамдар деп қанты мен дәмдеуіштері көп, концентрат пен модицифакцияланған май, глюкозасы мол азық-түлік түрін айтады. Бұған тәтті сусын, бургер, тез қайнайтын сорпа, снэк, чипс, таңертең жейтін жүгері қауызы, т.б. тағамдар жатады.

Атланта штатының індетті бақылау және алдын алу орталығының эпидемиологы, доктор Зефенг Жангтың (Zefeng Zhang) айтуынша, мұндай тағамды жеген адам оны жей бергісі келеді. Өйткені оған тез тойып кету қиын.

"Сондықтан қарны ашпаса да, адамның ондай тағамдарды жей бергісі келеді. Мұндай тағамның құрамында транс-май, қант пен тұз көп болады. Тұзы көп тағам адамның қан қысымын көтереді. Ал майлы тағам жүрек ауруларына әкеледі", - дейді доктор.