Зімбір қосылған шайдың пайдасы

 Зімбір қосылған шайдың пайдасы
Фото: autogear.ru

Америка ғалымдарының айтуынша, зімбір қосылған шай қандағы холестеринді реттеп, қатерлі ісік ауруларының алдын алады. Сондай-ақ буын ауруларын жазуға да септігі мол. Бұл жайлы Express басылымы хабарлады.

АҚШ Ұлттық медицина кітапханасының мамандары зімбір өсімдігінің қатерлі ісіктің алдын алу мен оны жазуда пайдасы мол екенін айтады. Оның құрамындағы гингерол заты қатерлі ісікті "жастайынан" жойып, адамның вирус пен бактерияға қарсы иммунитетін қалыптастырады.

Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, зімбірді көк шаймен қосып ішсе, пайдасы екі есе көбейетін көрінеді. Мәселен, ғалымдардың 30 адамға жасаған тәжірибесі зімбір қосылған шайдың тоқ ішек жұмысын жақсартып, ішек обыры қатерін азайтқан. Ол үшін адам күніне 2 грамм зімбір сығындысын ішуі керек.

Зімбірдің тағы бір пайдасы – қан қысымын реттеуге көмектеседі. Оның құрамындағы салицилат қанды сұйылтып, қысымын жөнге салады.

Сондай-ақ зімбірдің ауруды басып, адам иммунитетін шыңдайтын табиғи қасиеті де бар көрінеді.

Қ. Слямбек