Тоғызқұмалақ ойынын үйрену. Бірінші сабақ
Тоғызқұмалақ — ұлтымыздың дәстүрлі зияткерлік ойыны. Бұл ойынның шығу тарихы тереңде жатыр. Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты — жасөспірімнің ойлау жүйесін арттырып, есепке бейімділігін қалыптастыру. Оған қоса "Көшпенділер ойыны" адам бойындағы шығармашылық қасиеттері дамуына септігі тиеді. Осындай пайдалы тұстары көп болғандықтан бұл ойынды даланың ойшыл ұлдары, қазақ халқының ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин ерекше мадақтаған, ал Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Қалыбек Қуанышбаев секілді тұлғалар сүйсініп ойнаған. Бүгіннен бастап назарларыңызға "KazSport" арнасы ұсынған тоғызқұмалақ ойынын үйрену сабақтарын ұсынбақпыз. Ендеше, бірінші сабаққа назар салыңыздар!